Жанболат Башар 1949 жылы 25 қарашада Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының «Қоңырат» колхозында дүниеге келген.

1967 жылы Ақтоғайда орта мектепті, 1981 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын қатардағы жұмысшыдан бастаған.

Балқаш қалалық Советінің депутаты болып сайланды. Республикалық «Қазақ тілі» қоғамының алғашқы құрылтайына Балқаштан делегат ретінде қатысты.

1981 жылы Балқаш қалалық телестудиясында аға редакторы, 1991 жылы Балқаш қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, аймақтық «Балқаш өңірі» газетінің редакторы болып қызмет істеді. Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің аймақтық тілшісі (1998-2005) болды.

Балқаш кен-металлургия комбинатының Шығыс Қоңырат, Қоңырат кеніштерінен «Кенші көкжиегі», «Жұмысшы әулеті» атты тележурналдары республикалық телеарнада көрсетіліп, жоғары бағаға ие болды. Алғаш рет «Қос тіл – қос қанатың» атты хабар ұйымдастырып, туған тіліміздің толғақты мәселелерін көтеріп, ұлттық балабақшалардың ашылуына ұйтқы болды.

Жанболат Башар өлеңді мектепте оқып жүрген кезден бастап жаза бастаған. Алғашқы өлеңдері аудандық «Арқа еңбеккері» газетінде жарық көрді. 1991 жылы «Шашубай» атты естеліктер жинағын құрастырып шығарған. 1990 жылы «Балхашский рабочий» газетінің айына бір рет шығатын қосымша беті ретінде «Балқаш жұмысшысы» газетін қоғамдық негізде шығарып тұрды. Ж. Башардың проза саласында бірталай әңгімелері облыстық, аймақтық баспа беттерінде жарық көрген.

«Ақ әже», «Қос боз аңызы», «Кек пен шер», «Апандағы айқас», «Шырғалаң» тағы басқа әңгімелердің авторы. Өлеңдері республикалық, облыстық, аймақтық баспа беттерінде жарық көріп жүр. 1999 жылы «Үкілі үміт», «Далам менің – кием менің» (2001), «Самғау» (2006) т.б. жыр жинағы жарық көрген.

Халық ақыны Шашубай Қошқарбайұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеп, «Шашубай» (1990) естеліктер жинағын құрастырған.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Жылдың үздік редакторы» арнайы дипломымен марапатталған.

Әдебиеттер:

Башар Ж. Абыз бен Аңыз. - Нұр-Сұлтан: Профи Медиа, 2021. - 271 б.

Башар Ж. Кепиет. - Астана: Профи Медиа, 2014. - 193 б.

Башар Ж. Қабір үстіндегі зұлмат. - Астана: Профи Медиа, 2016. - 255 б.

Башар Ж. Пешене: әңгімелер мен хикаяттар. - Алматы: Исламнұр, 2012. - 236 б.

Башар Ж. Шандоз. - Алматы: ҚазАқпарат, 2011. - 100 б.

Башар, Ж. Шығармалары: [жинақ] / Ж. Башар, С. Жанысбай, М. Омарбекұлы; құраст. Қ. Асанов; Қарағанды облысының әкімдігі. - Астана: Фолиант, 2014. - 397 б.

Жанболат Б. Далам менің - кием менің. - Қарағанды : Болашақ-Баспа, 2001. - 140 б.

***

Башар Ж. Аңшының ажалы // Жұлдыз. - 2019. - № 12. - 99-104 б.

Башар Ж. Балқаштың бағын жандырған // Ана тілі. - 2017. - 30-6 желтоқсан (№ 48).- 3 б.

Башар Ж. Елбасы және Балқаш // Орталық Қазақстан. - 2019. - 15 қаңтар (№ 4). - 2 б.

Башар Ж. Қазақ киносы қайда барады? // Орталық Қазақстан. - 2014. - 29 наурыз (№ 57/58). - 6 б.

Башар Ж. Қайран, қасиетті қарттарым-ай! // Тоқырауын тынысы. - 2015. - 13 наурыз (№ 11). - 6 б.

Башар Ж. «Қос боз» аңызы // Орталық Қазақстан. - 2009. - 7 қараша (№ 170/171). - 5 б., Қазақ әдебиеті. - 2013. - 9-15 тамыз (№ 31). - 9 б.

Башар Ж. Отан - Ананың тілі жалғыз // Орталық Қазақстан.-2021.- 5 қазан (№ 110).- 3 б.

Башар Ж. Өмірзая // Ана тілі. - 2015. - 22-28 қаңтар (№ 3). - 10 б.

Башар Ж. Өнегелі өмір // Орталық Қазақстан. - 2007. - 11 қыркүйек. - 3 б.

Жанболат Башар туралы әдебиеттер:

Башарұлы Жанболат // Қазақ телеэкраны: арналар тарихы мен есімдер / Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі; құраст. Қ. Тұрсын. - Алматы: Дәуір, 2021. – 373-374 б.

***

Аманқұлов Қ. Қаламгер - құрмет құшағында // Орталық Қазақстан. - 2019. - 28 қараша (№ 133). - 6 б.

Асан М. Әріптестеріміз - әдеби ұйым мүшесі // Орталық Қазақстан. - 2014. - 3 сәуір (№ 60/61). - 1 б.

Ахметов Қ. Редактор даярлаудың майталманы // Орталық Қазақстан. - 2019. - 21 қараша (№ 130). - 4 б.

Бөкен А. Зұлмат кезең запыраны // Ана тілі. - 2017. - 17 - 29 наурыз  (№ 11/12). - 13 б.

Бөкен А. Із // Орталық Қазақстан. - 2019. - 21 қараша (№ 130). - 4 б.

Ештанаев Қ. Жұртына жаққан жазушы // Тоқырауын тынысы. - 2019. - 29 қараша (№ 48). - 6 б.

Кәрім Н. Жаңа кітап - жан азығы // Орталық Қазақстан. - 2021. - 21 қазан (№ 117). - 8 б.

Кәрім Н. Желтоқсан көшесі - елдіктің айнасы // Орталық Қазақстан. - 2023. - 16 желтоқсан (№ 141). - 4 б.

Кәрім Н. Қаламгермен қауышты // Орталық Қазақстан. - 2019. - 2 қараша. (№ 122). - 5 б.

Кәріпбай Ә. Жұқармайтын жұлын // Орталық Қазақстан. -2019.-21 қараша (№ 130).- 4 б.

Мұқан Т. Соңғы көштің тұрағы // Орталық Қазақстан. - 2022. - 1 наурыз (№ 24). - 6 б.

Сейдахмет М. Қаламы жүйрік Жанболат // Тоқырауын тынысы. - 2019. - 29 қараша (№ 48). - 6 б.