ЗЕНКОВСКИЙ АРКАДИЙ ИВАНОВИЧ

(1920-1945)

Зенковский Аркадий Иванович 1920 жылы Тюмень облысының Аромашевск ауданындағы Большой Кучеряк селосында туған. Соғысқа дейін Жезқазған облысы Қарсақпай ауылында жұмыс істеген. 1943 жылы 13 ақпанда әскерге алынған.

Курск доғасында болған жазғы сұрапыл соғыстарда 6-шы атқыштар дивизиясы 10-шы гвардия атқыштар полкінің таңдаулы пулеметшілер қатарына қосылды. Висла өзені үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. Суворов орденді Қызыл тулы 6-шы Ровен гвардия атқыштар дивизиясы Богдан Хмельницкий орденді 10-шы гвардия атқыштар полкінің кіші лейтенанты Зенковскийге КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1945 жылы 10-шы сәуірде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Толығырақ...

ЖИВОВ АНАТОЛИЙ ПАВЛОВИЧ

(1925-1944)

Живов Анатолий Павлович 1925 жылы Мәскеуде туған. 1942 жылы жазда әскерге шақырылған москвалық жұмысшылардың үлкен бір тобы Жезді марганец руднигінің құрылысына жіберілді. 1943 жылы ол өз еркімен майданға аттанды. Байланыс взводының телефонисі А.П. Живов 1944 жылы Тернополь қаласындағы шайқаста үлкен ерлік көрсетіп, қаза тапты.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1944 жылы 23 қыркүйекте А.П. Живовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Толығырақ...

ДУДАРЕНКО АНДРЕЙ ЕМЕЛЬЯНОВИЧ

(1912-1945)

Дударенко Андрей Емельянович 1912 жылы Қарағандыда туды. Әскери қызметке 1943 жылы шақырылды. Гвардия майоры. Соғыстағы ерлігі үшін 1941 жылы «Қызыл Ту» орденімен, 1943 жылы 1-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, 1944 жылы Қызыл Жұлдыз орденімен, «Сталинградты қорғау», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған. 1945 жылғы қантардың 27-де Одер өзені үшін шайқаста, 15 гвардиялық бригада командирінің көмекшісі Дударенко ерлікпен қаза тапты.

Толығырақ...

ДӘУЛЕТБЕКОВ АМАНТАЙ

 (1917-1943)

Амантай Дәулетбеков 1917 жылы Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданында туған. 1939 жылы әскерге шақырылып, Қиыр Шығыста әскери міндетін өтеді. Шені - аға сержант. 1942 жылы Дәулетбеков Брянск майданында танктерді бұзып-жоятын 180-ші полктің артиллериялық расчет командирі болды. Алғашқы шайқасын сол 1942 жылғы жазда Орлов облысындағы Ливнының оңтүстігінде бастады.

1942 жылы «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, 1943 жылы Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. Аға сержант Дәулетбековтың расчеті 1943 жылы 9 шілдеде Поныри станциясының түбінде жаудың 29 танкісін, өздігінен жүретін 13 зеңбірегін және 200-ге жуық әскерін қырды.

Толығырақ...

Есетов Расул

(1925-2009)

Есетов Расул 1925 жылы туған. Ата қонысы Қарқаралының сыртындағы Наршөккен өңірі. Арқаны аштық жайлаған жылдары оңтүстікке ауып барып, қоныстанып қалады. Кеңес әскер қатарына 1943 жылы алынып, 138-атқыштар дивизиясының құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. 1944 жылы 11 қазанда Р.Есетовтің бөлімшесіне аты жоқ биіктіктегі позициядан жауды қуып шығу туралы бұйрық берілді. Оның бөлімшесі жау бекінісіне басып кіріп, жаудың 50 әскері мен офицерін жойып, қару-жарақтарын, оқ-дәрі қоймасын қолға түсірді. Р.Есетов және оның тобының батыл қимылы арқасында шабуыл жасап келе жатқан жаяу әскерге жол ашады. Р.Есетовтіғң өзі осы ұрыста жаудың 33 әскерін тұтқынға алды. Жау дзотын талқандаушы қаһарман атанған Р.Есетовтің даңқы полкке, бүкіл дивизияға тарады. Есетовке ерлігі үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. (24.03.1945ж.).

Толығырақ...

Ішкі категориялар