Жауынгер-авиатор. Қарағандыдан Саратов облысындағы Вольск қаласына келген елу қыздың ішінде Агрефина Анищенкомен бірге авиамоторшылар курсын бітіреді. 1943 жылы қаңтар айынан Александр Невский орденді 90-шы Тильзит алыс-барлау авиаполкінде «Пе-2» ұшақтарына қызмет көрсетеді. Курск-Орел доғасындағы алапат айқастардан кейін Прибалтиканы азат етуге қатысып, соғысты Кенигсбергте аяқтайды. Қарағандыға жеңіспен оралып, облыстық құрылыс банкісінде бухгалтер қызметін атқарады. Адал еңбегі арқасында есімі республикалық құрылыс банкісінің Құрмет кітабына жазылады.

Толығырақ...

Соғыста әскери барлаушы болған санаулы қазақ қыздарының бірі. Қарағанды облысы Нұра ауданының тумасы. Үлкен Михайловкадағы №20 мектпте оқиды. 1942 жылы өзі тіленіп майданға аттанады. Вольск (Саратов облысы) училищесінде арнайы даярлықтан өтеді. Ұшақпен жау тылына талай рет ұшып, суретке түсіріп алған әскери нысандарды тиісті орындарға тапсырып отырған. Сондай бір тапсырманы орындау сәтінде ұшақтары жау оғынан жерге құлайды. Орман арасында тасалана жүріп, партизандар тобына келіп қосылады. Соғыстан кейін Алматы медицина институтын бітіріп, Алматы қаласындағы перзентханада 13 жыл бас дәрігер болады. Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталады. Жолдасы Кәрібай Шөкетаев ішкі істер қызметінің полковнигі дәрежесіне жетеді. Біздің даңқты жерлесіміз Дәмелі әже екі ұл, бес немере сүйген бақытты ана.

Толығырақ...

Әскери ұшқыш. 1942 жылы Саратов облысындағы Вольск қаласындағы авиация училищесін бітіріп, 504 авиациялық шүйілуші полктың атқыш-радисі болып Сталинград шайқасына қатысады. Ил-2 штурмовигімен 19 рет жауынгерлік тапсырмаға ұшып шығады. Котельников станциясы түбіндегі немістердің қарсы шабуылы кезінде жаудың истребителін атып түсіріп, өзі де ауыр жараланады.  Госпитальден шыққан соң елге оралмай 1944 жылдың аяғында 367 барлаушы авиация полкінің «Пе-2» бомбалаушы ұшақтың оқтаушысы болып, жауынгерлік жолын жалғастырады. 732 ұшақты жауынгерлік тапсырмаға әзірлепті. 1-Прибалтика майданының құрамында Шауляйды, Каунасты азат етуге қатысып, 1-Белорус майданы әскерлері қатарында Польша аспаны арқылы Берлинге жол тартады. Қарағандылық қайсар қыз Ұлы Жеңісті жау астанасында қарсы алады. Соғыстан кейін Қарағандыда облыстық атқару және партия комитеттерінде, сонан соң зейнеткерлікке шыққанша Алматы қаласында аупарткомда жауапты қызметтер атқарады. Бірнеше жауынгерлік медальдармен марапатталған.

Толығырақ...

Көшкімбаева Рахима 1920 жылы Орынбор да дүниеге келген. Алматы медициналық инстуттын 1942 жылы бітірген.

Әәскери дәрігер, медицина қызметінің аға лейтенанты. Ұлы Отан соғысына 1943 жылдың маусым айынан қатысады. Ол қызмет еткен 111 далалық эвакогоспиталі Курск, Белгород, Дембино, Краков, Глейвиш арқылы өткен. Жеңіс туралы хабарды Германияның Дрезден қаласы түбінде естиді. Жауынгерлік жолы Австтияның астанасы Вена қаласында аяқталады.1947 жылдан құрметті еңбек демалысына шыққанша қазіргі Бұқар жырау ауданы Свердлов атындағы совхоздың учаскелік ауруханасында  бас дәрігер болып жұмыс істеген. «1941-1945жж.Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», басқа да жауынгерлік және мерейтойлық наградалармен марапатталған.

Толығырақ...

Әскери-авиатор. Қарағандылық елу құрбыларымен бірге 1942 жылы Вольск (Саратов облысы) училищесінде әскери дайындықтан өтеді. 747 авиациялық истребительдер полкы құрамында авиация қаруының шебері, оқтаушы болады. Курск-Орел доғасындағы кескілескен ұрыстарға, полкімен бірге өзге де шайқастарға қатысады. Бірнеше жауынгерлік және естелік медальдармен марапатталған. Майданнан оралған соң Қарағанды қаласында тұрып, бірнеше жыл әскери комиссариатта, ал құрметті демалысқа шыққан соң мемлекеттік сақтандыру мекемесінде қызмет етеді.

Толығырақ...