Көшкімбаева Рахима 1920 жылы Орынбор да дүниеге келген. Алматы медициналық инстуттын 1942 жылы бітірген.

Әәскери дәрігер, медицина қызметінің аға лейтенанты. Ұлы Отан соғысына 1943 жылдың маусым айынан қатысады. Ол қызмет еткен 111 далалық эвакогоспиталі Курск, Белгород, Дембино, Краков, Глейвиш арқылы өткен. Жеңіс туралы хабарды Германияның Дрезден қаласы түбінде естиді. Жауынгерлік жолы Австтияның астанасы Вена қаласында аяқталады.1947 жылдан құрметті еңбек демалысына шыққанша қазіргі Бұқар жырау ауданы Свердлов атындағы совхоздың учаскелік ауруханасында  бас дәрігер болып жұмыс істеген. «1941-1945жж.Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», басқа да жауынгерлік және мерейтойлық наградалармен марапатталған.

 Әдебиеттер:

Әскери дәрігер Рахима Көкшімбаева // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 68-73 б.

***

Лұқпан Е. Әскери дәрігер // Орталық Қазақстан. - 2000. - 3 мамыр.

Жанысбай С. Бір отбасындағы қос жауынгер // Орталық Қазақстан. - 2012. - 8 мамыр (№ 76). - 4 б.

***

Военврач Рахима Кошкимбаева // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 126-131 б.

Кошкимбаева Рахима Жанкуловна // Вклад женщин Центрального Казахстана в развитие региона (30-90-е годы ХХ века): монография / Б. Т. Тулеуова [и др.] ; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Гос. уни-т им. акад. Е. А. Букетова, Научно-исследовательский центр "Тұлғатану". – Караганда: Тенгри, 2016. - 126 с