Барановская Вера 1896 жылы туған. 1920 жылы Краснодардағы медициналық институтты бітірген. 1933 жылы Қарағандыға келді. Ол қаладағы хирургиялық қызметті құрудың бастауында тұрды. Соғыс басталғаннан бастап оны хирург және № 3970 госпитальдің медициналық бөлімінің меңгерушісі етіп тағайындады. Қарағандыға Ленинград ауруханасы көшіп келгенде, Вера Сергеевна соған ауысады. Ал аурухана майдан шебіне ауыстырылған кезде ол майданға кетті. № 3972 эвакуациялық аурухана Брянск, Үлкен Чувалы, Екатериновка, Елей жерінде орналасқан. Ауруханадағы хирургиялық қызметі үшін Барановская Құрмет орденімен марапатталды. Соғыстан кейін Вера Сергеевна Қарағандыдағы фельдшерлік мектепте жұмыс істеп, 1946 жылы Алматыға көшті. 1967 жылы Барановская «Қазақстандағы жұмысшыларға хирургиялық көмектің үлгілі қойылымы үшін» Қазақстан хирургтері қоғамының құрметті мүшесі, сонымен қатар «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағына ие болды.