2022 жылы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы / Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. С.О.Телпекбаева. – Қарағанды, 2021. – 86 б.

Сіздердің назарларыңызға Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап - ғылыми кітапханасы 1971 жылдан шығарып келе жатқан Қарағанды облысының атаулы күндер мен айтулы оқиғалар күнтізбесінің кезекті шығарылымын ұсынады.

Күнтізбеде облысымыздың тарихи-мәдени, саяси, шаруашылық-экономикалық ақпараттары қамтылған, облыстың тарихи оқиғаларының, кәсіпорындардың, ұйымдардың, даңқты жерлестердің және Қарағанды облысының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың мерейтойлық күндерінің тізбесі келтірілген. Күнтізбенің мазмұны қоғамдағы адамгершілік және рухани құндылықтардың нығаюына, Отанға және туған жерге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге бағытталған.

Өлкетану бөлімі құрастырып отырған бұл басылым республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды және өлкетану білімін кеңінен таратуын мақсат етіп отыр.

Күнтізбеге қажетті мағлұматтар әр түрлі дерек көздерінен жиналды, яғни кітапхананың электрондық және дәстүрлі каталогтарынан, анықтамалық және библиографиялық басылымдар қорынан, интернет – ресурстарынан.

Күнтізбе материалдарын күнделікті жұмыста БАҚ, кітапхана және клуб мекемелері, мұғалімдер, тарих мұғалімдері және қоғамдық ұйымдар қолдана алады.

Күнтізбе материалдары республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәрбие және білім», «Өлкетану» кіші бағдарламасының базалық жобасын іске асыру міндеттері жүктелген білім беру мекемелері үшін ерекше құнды.

Құрметті оқырмандар, назарларыңызға ұлт жанашыры, жазушы, ақын Кәрім Жұмабекұлы Сауғабайдың 80 жылдық мерейтойына арналған «Балқантауын бақытына балаған ақын» атты әдеби бейнешолуын ұсынамыз.

Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі – бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселенің бірі. Олардың отансүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылық және адамгершілік қадір – қасиеттерін,  жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, ұнамды мінез – құлық нормаларын, рухани – адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру – үлкен қажеттілік екендігін ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев үнемі еске салады.

Қай заманда болмасын, сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден – бір жолы адамның рухани байлығын арттыру. "Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, келешекте оның өміріне опат әкеледі,  адамға ең бірінші керегі тәрбие" - деп Әл-Фараби айтқандай, негізгі мәселенің бірі - тәрбие. Рухани тәрбие ең бірінші біздің имандылығымыз. Рухани – адамгершілік тәрбиесі қоғамның барлық сатысында зерттеу нысаны болып отырғаны баршаға белгілі. Рухани – адамгершілік  құндылықтар мәні, тәрбиелік маңызы туралы қазақ ғұламаларының, қоғам қайраткерлері мен ағартушы – педагогтарының,  ой – пікірлері мен көзқарастары бар. Бүгінгі таңда сұраныс қоғамдағы ізгілікке, руханилыққа бет бұрғызып, оқу – тәрбие  жұмысын рухани – адамгершілік тәрбие негізінде ұйымдастырып, рухани – адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру қажеттілігін айқындап отыр.

Жыл сайын 18 қазан күні елімізде Рухани келісім күні аталып өтіледі. Бұл мереке 1992 жылдың 18 қазанында Алматыда  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі өткен күннен басталады. Қазақта "Отаны бірдің – тілегі бір, тілегі бірдің жүрегі бір" - деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі  басқа болса да тілегі бір, діні басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттарды біріктіріп, татулық пен сенімділікті серік етудің арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері қадам басып келеді. Осыған орай біздің кітапханамызда "Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Құрметті оқырман қауым! Сіздердің назарларыңызға Республикалық әдеби-көркем және әлеуметтік "Жалын" журналының жарнамасын ұсынамыз.

Ай кітабы