Қазақстанда 2007 жылдан бастап Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Кітапханашылар қауымдастығының бастамасымен "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы өткізілуде. Оның мақсаты - ұлттық әдебиеттің үздік шығармаларын оқу және насихаттау, білім беру үрдісіне ықпал ету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған. Сонымен қатар, бұл акция классиканы, заманауи әдебиет пен поэзияны қоса алғанда, отандық әдебиетке деген жұртшылықтың қызығушылығын одан әрі арттыруға ықпал етеді.

2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына-30 кітап" рухани-мәдени акциясы ұсынылды. Акция аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылған жыл кітаптары үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп, толғануға бағытталған "Отыз жылдыққа отыз кітап" таңдалды.

Назарларыңызға 2021 жылдың "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың" тізімін және кітапханамызда өткізілетін іс-шаралар жоспарын ұсынамыз.

Құрметті кітап сүйер қауым, назарларыңызға «Өнер - сарқылмас қазына» атты кітаптар топтамасын ұсынамыз!

Құрметті оқырмандар!
Назарларыңызға академик, профессор, қазақтан шыққан тұңғыш заң ғылымдарының докторы Салық Зимановтың 100-жылдығына арналған «Алып тұлғалы ғалым» атты виртуалды көрмені ұсынамыз.

Құрметті оқырмандар! Назарларыңызға ғалымдар Е.Тоқтарбай мен Н.Бейсенбекованың құрастыруымен шыққан «Орталық Қазақстанның тарихи тұлғасы: Мұстақым Малдыбаев» кітабына буктрейлер ұсынамыз.

Ай кітабы