Бүгін, кітапхананың көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету секторы №27 жалпы білім беретін орта мектептің 3-сынып оқушыларына қазақ ағартушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Сөз құдіреттің данасы» атты ақпараттық сағат өткізді.

2022 жыл елімізде «Балалар жылы» деп жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «...Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды «Балалар жылы» деп жариялау керек деп есептеймін»,- деп Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтау сөзінде айтты.

«...Ең алдымен, билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған орай Мәдениет және спорт министрлігінің былтырғы бастамасы – «Балалар әдебиеті жылы» биыл да жалғасын тауып отыр.

Кітапханамызда ұлттық құндылықтарды жаңғырту, дәріптеу, ел руханиятын көтерген тұлғалардың тағылымды шығармашылығымен таныстыру және «2022 – Балалар жылына» орай балаларға арналған әдебиеттерді насихаттау мақсатында кешенді жоспар әзірленді.

Кеше кітапханамыздың базасында ZOOM  платформасында сахна саңлағы, жерлесіміз, Қарқаралы ауданы, Милыбұлақ ауылының тумасы, көрнекті актриса ҚазКСР және КСРО-ның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ұлағатты ұстаз, профессор Шолпан Исабекқызы Жандарбекованың 100 жылдық мерейтойы аясында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының «Театр өнері» факультетінің ұйымдастыруымен «Қазақ сахнасының Ақтоқтысы» атты дөңгелек үстел өтті.

17 ақпан күні «Парасат жолы» орталығында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті филология факультетінің аға оқытушысы Жұмагелді Жанайдар Шаймерденұлымен кездесу өтті.

Қонағымыздың «Парасаттылық – адам бойындағы туа біткен мінез бен бара-бара пайда болатын мінездің әдемі тоғысуынан қалыптасатын қасиет. Парасатты адамның тәрбиеленуі балалық шақта тұлғалық өсуінен басталады» деген ойы тәрбие мен мінез-құлықтың адамның негізгі бет алысын сипаттайтын қасиет екенін тағы бір айқындады.

Назарларыңызға мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы ғалым - Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай - «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың рухани көсемі» атты бейнешолуын ұсынамыз.

Ай кітабы