Мастера казахской словесности. Народная мудрость

Уважаемые пользователи! Мы предлагаем Вам познакомиться с подборкой афоризмов и цитат, интересных фраз и выражений о ВОДЕ на казахском и русском языках:

СУ ТУРАЛЫ АФОРИЗМДЕР

… Бұл нәрсе жарық дүниедегі ең керемет емші. Оның емдік қасиеті дәрігердің кеңесін қажет етпейді. Ол барлық жерде кездеседі. Ол заттың адамзат өміріне ешқандай зияндылығы жоқ. Бұл дәрі адам денсаулығының емшісі, кез келген уақытта адамды қиындықтан алып шығары сөзсіз. Бұл – таза су

Ф. Батмангхелидж, медицина докторы

Жаныңды жай таптыратын су! Судың не исі, не түсі, не дәмі жоқ. Өмір сүру үшін су маңызды деп жатады, сенің өзің – адамғаберілген өмірсің. Әлемдегі барлық байлық – сенде...

Антуан Сент-Экзюпери

Су мен жер туралы ой – бұл түптеп келгенде адамның өзі туралы ойы.

Ш. Айтматов

Жердегі тіршіліктің нәрі болуға Суға сиқырлы билік берілген

Леонардо де Винчи

Су - сұйық қозғалғыш және бәрін еріткіш зат есебінде барлық дүниенің бастамасы болады

Грек ойшылы Фалес

Құдық қазсаң көлді қаз, көл суалмай суалмас

(Ақтамберді жырау)

Су туралы мақал-мәтелдер

  • Ағын су арнасын табады.
  • Ағын су бал татыр,
  • Ақ шабағы май татыр.
  • Ағын су жолын табады,
  • Ақ адам оңын табады.
  • Ақ қар көп болса — ақ нан көп.
  • Ақпаса су бұзылады.
  • Алпыс күн тасыған су алты күнде қайтар.
  • Арық бар жерде су бар,
  • Су бар жерде ну бар.
  • Арық қазбасаң су келмейді.
  • Бұлағы болмаса өзен де саркылар.
  • Бұлақ көрсең көзін аш.
  • Бүлаққа бүлақ қосылса — "егізбіз" дейді,
  • Көлге көл қосылса — "теңізбіз" дейді.
  • Дария арам болмайды ит қанша сигенмен.
  • Дария басы — бұлақ.
  • Дария толы су болса ит тілімен су ішер.
  • Егер жерді әке десек, онда суды ана дейміз.
  • Иірімі жоқ судан иірілген балық не табады?
  • Көлдің көркі — құрақ,
  • Таудың көркі — бұлақ.
  • Көл жағалағанның көні кеппес.
  • Көл көлге құяды,
  • Сел селге құяды — шұқанаққа дым да жоқ.
  • Көл тартылса кұс қашар.
  • Қара суға жапалақтап қар жауса қара балық ұрық салады.
  • Қыдырдың қасыңда болғанша, бұлақтың басында бол.
  • От — арық, су — семіз.
  • Өзен ақса — көл,
  • Дария ақса — сел.
  • Өзен бойы тұрғанда өзге жерге қонбаңыз.
  • Өзен жағалағанның өзегі талмас.
  • Өзен-суға жарасқан қамысы мен қоғасы,
  • Қарияға жарасқан аузындағы тобасы.
  • Өзен суын жаңбыр тасытады,
  • Адам қадірін еңбек асыртады.

  • Өзен ұзақ ағады бұлағы болса басында,
  • Іздеген бақыт табады жалықпаса жасында.
  • Сағадағы су ішеді,
  • Аяқтағы у ішеді.
  • Сай қуалап су ағар,
  • Жел қуалап от жанар.
  • Сасық суда жайын жоқ,
  • Олжа малда қайыр жоқ.
  • Саяз су сарқырап ағады.
  • Су аққан жерінен ағар, шөп шыққан жеріне шығар.
  • Су ақса — сайына,
  • Жылқы жоғалса — үйіріне.
  • Су анасы — бұлақ,
  • Сөз анасы — құлақ.
  • Су аяғы — құрдым.
  • Су байлық — алты айлық,
  • Қар байлық — үш айлық.
  • Су бар жерде ырыс бар: ұстап балық жейсің, ақ бидай егіп, нанын жейсің.
  • Су басынан тынады,
  • Балық басынан шіриді.
  • Су бергеннің сауабы бар,
  • Су төккеннің жауабы бар.
  • Су бермегенге сүтіңді бер —ақ ниетінді білсін.
  • Су болмай балық аулауга болмас,
  • Жүз жыртпай дау даулауға болмас.
  • Суға кеткен тал қармайды.
  • Суға салған тонның енді аяйтын несі қалды?
  • Су — диханның каны,
  • Жер — қолыңдағы наның.
  • Судың басы бұлақ болса, аяғы құяр теңізге.
  • Жақсыдан жаман туса да, тартпай қоймас негізге.
  • Судың да сұрауы бар.
  • Судың жолын құм бөгер,
  • Ердің жолын сұм бөгер.
  • Судың терең саязын ағысынан білерсің,
  • Аттың жақсы, жаманын шабысынан білерсің.
  • Судың түбін шым бекітеді,
  • Сөздің түбін шын бекітеді.
  • Суды өзі кешіп ішпей мал қоңданбайды,
  • Шөпті өзі орып жемей мал жонданбайды.
  • Суды шым бөгейді, дауды қыз бөгейді.
  • Суды шым тоқтатар,
  • Сөзді шын тоқтатар.
  • Су жүрген жер молшылық, абат емей немене.
  • Жақсылардың сөздері қанат емей немене.
  • Су жүрген жер шүлен.
  • Су — зер, сушы — зергер.
  • Су келтірер мәрт кісі,
  • Егін егер ер кісі.
  • Су кетсе тас қалады,
  • Сүрме кетсе қас қалады.
  • Су — қан, еңбек — жан.
  • Сулы жердің қасиеті сағасында,
  • Нулы жердің қасиеті ағашында.
  • Сулы жер қүрақсыз болмас,
  • Таулы жер бүлақсыз болмас.
  • Сулы жер — нулы жер,
  • Бұлақты жер — тұрақты жер.
  • Сумен ойнама — батарсың,
  • Отпен ойнама — жанарсың.
  • Су патшасы — мұрап,
  • Түн патшасы — шырақ.
  • Су перісі сұлтан.
  • Сусағанның түсіне су кіреді.
  • Су сағасы — бұлақ,
  • Сөз сағасы — құлақ.
  • Су сүреңін табады.
  • Сусыз жердің оты арам.
  • Сусыз жердің шөбі сұйық,
  • Суайт адамның сөзі сүйық.
  • Сусыз өмір жоқ,
  • Отсыз темір жоқ.
  • Су тасыса жиегіне,
  • Ер тасыса еліне.
  • Су түбіне жетпейсің бойлағанмен,
  • Ой түбіне жетпейсің ойлағанмен.
  • Суы ащы теңізден томар да болса көл артык,
  • Суы бардың буы бар.
  • Суымен Жайық әдемі,
  • Ескегімен қайық әдемі.
  • Су ырыстың көзі,
  • Еңбек кірістің көзі.
  • Суды улама, суға түкірме.
  • Су анасы – бұлақ.
  • Су жүрген жер береке.
  • Су - тіршілік көзі
  • Су жүрген жер береке,
  • Ел жүрген жер мереке.
  • Су ішетін арығы жоқ елдің сүзіп алатын балығы жоқ.
  • Су ішкен құдығыңа түкірме.
  • Сылдырсыз аққан судан без.
  • Судың да сұрауы бар.
  • Суға кеткен тал қармайды.
  • Су жетпейін демейді, жар жеткізбейді,
  • Ер жетпейін демейді, мал жеткізбейді.
  • Суы тасыған жердің көгі тасыр.
  • Терең құдықтың суы тәтті.
  • Тау мен тасты су бұзар,
  • Ел арасын қу бұзар.
  • Таулы жер бұлақсыз болмас,
  • Терең судың ағысы білінбес.
  • Терлей-терлей тоған байласаң қызара бөртіп су ішерсің.
  • Толықсып акқан дария — мейірманды қария.
  • Түнгі су — ну, күңдізгі су — бу.
  • Шөлдегі шұқанақ суға тоймас.
  • Шөлдеп ішкен қара су шекер емей немене.
  • Тебінгенмен біткен мал бекер емей немене.
  • Шөл жағалап қонба, көл жағалап қон.

АФОРИЗМЫ О ВОДЕ

Вода - это самое мягкое и самое слабое существо в мире, но в преодолении твердого и крепкого она непобедима, и на свете нет ей равного.

Дао дэ Цзин

Лед в преддверии весны тает и превращается в воду. Вода и лед чередуются, словно бегут друг за другом по кругу.

Хуайнань-цзы

Вода - это источник жизни, ведь в утробе матери мы девять месяцев окружены водой.

Пауло Коэльо

Вода - это символ женской Власти, на которую не посмеет претендовать, которую не решится оспорить даже самый просвещенный и совершенный мужчина.

Пауло Коэльо

Вода, у тебя нет ни вкуса, ни цвета, ни запаха, тебя невозможно описать, тобой наслаждаются, не ведая, что ты такое. Нельзя сказать, что ты необходима для жизни: ты — сама жизнь. Ты наполняешь нас радостью, которую не объяснить нашими чувствами.

Антуан деСент-Экзюпери

Вода — это первопроходец, за которым послушно следуют поселенцы, извлекая пользу от ее малейших изменений.

Генри Дэвид Торо

У воды прекрасная память и она вечно будет пытаться вернуться в исходное положение.

Тони Моррисон

Как в слишком чистой воде никогда не заведется рыба, так и слишком осмотрительный человек никогда не обретет мудрость.

Китайская пословица

Мы познаём ценность воды лишь когда колодец пересыхает.

Бенджамин Франклин

 

Люди были изобретены водой для переноса ее из одного места в другое.

Эдвард Форд

 

Не везде, где есть вода, есть и лягушки, но где квакают лягушки, там вода есть.

Гёте

Вода, потребляемая в умеренном количестве, никому повредить не может.

Марк Твен

ПОСЛОВИЦЫ О ВОДЕ

  • Акула будет рада, если весь мир окажется под водой.
  • Бывает порою – течет вода горою.
  • Быль, что смола, а небыль, что вода.
  • Вода студена — тело ядрено.
  • В тихом омуте черти водятся.
  • В решете воду не удержишь.
  • Велик верблюд, да на нем воду возят; мал соболь, да его на голове носят.
  • Воды жалеть, кашу не сварить.
  • Вола зовут в гости не мед пить – воду возить.
  • Далекой водой трудно погасить близкий огонь.
  • Куда река пошла, там и русло будет.
  • Лакома кошка до рыбки, да в воду лезть не хочет.
  • Мелка река да круты берега.
  • Море по рыбе не тужит.
  • Мутная вода не из чистого озера течет.
  • На то и щука в море, чтобы карась не дремал.
  • Не будет снега — не будет и следа.
  • Не всякая водица для питья годится.
  • Не плюй в колодец, пригодится воды напиться.
  • Неразумного учить, что в бездонную кадку воду лить.
  • Нужно наклониться, чтоб из ручья воды напиться.
  • Огонь – беда и вода – беда, а пуще беды – без огня и без воды.
  • От берега отстал, к другому — не пристал.
  • Падающий в воду и за колючки цепляется.
  • Под лежачий камень вода не течет.
  • Умный человек подобен роднику.
  • Утопший пить не просит.
  • Хорошо море с берега.
  • Чем полнее бочка, тем меньше звона.
  • Чистая вода- для хвори беда.