Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_leto_kz is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_leto_kz is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Міне, балаларымызды қуанышқа бөлейтін «Кітапханадағы жаз» Акциясы да өз мәресіне жетті. Бұл жаз балалардың күлкісіне, жас білімпаздардың шексіз сұрақтарына, байқауларға, ойындарға, шығармашылық шеберханаларға толы болды.

Биылғы «Кітапханадағы жаз» акциясы балалардың ғана емес, олардың ата-аналардың да мазмұнды, жан-жақты, қызықты әрі жарқын мереке ретінде естерінде қалды.

17 маусым мен 14 тамыз аралығында облыстық кітапхана қызметкерлері кітапхананың адал достары мен оқырмандарына айналған кішкентай қонақтарды қарсы алды. Бұл күндері кітапханада әр түрлі іс-шаралар өткізіліп, әр түрлі шығармашылық алаңдар: «Негештің алаңқайы», «Қиял әлемінде», «Мен суретшімін!», «Театралды демалыс», «Адам заттар әлемінде», «Сандық шығармашылық квизі» ағылшын клубы және т.б. жұмыс жасады. Бізге 600-ден астам бала келді. Апта сайын дүйсенбі және сәрсенбі күндері сағат 10-нан 12-ге дейін кітапханашылар №3, 38, ,45, 92, 93 гимназияларының, №30, 58, 63 ЖББОМ мектеп жанындағы лагерлерінің, «Азбука», «Мозаика», «Познайка», «Развивайка» балаларды дамыту орталықтарының балаларымен кездесуге асықты.

Облыстық кітапхана қабырғасында әзірленген іс-шаралар балаларға қызықты әрі таңғажайып ертегіге саяхат ретінде есте қалады деп үміттенеміз.

{gallery}material/news/2019_leto_kz{/gallery}

«Кітапханадағы жаз» маусымының жабылуы 14 тамыз күні ерекше мәндегі театрландырумен аяқталды. Балаларға «Дымбілместің қалпақ кеші» атты қорытынды ертегі қойылымы ұйымдастырылды. Бұл биылғы жылдың соңғы шарасы болды. Оқу залы ашық, көңілді, ғажап қалпақтармен толып кетті. Қалпақтағы балалар дефилесі жиналғандардың көзайымына айналып, барлығымызды қуанышқа бөледі. "Азбука", "Познайка", "Развивайка" әр түрлі дамыту орталықтарының балалары өздерін біртұтас ұжым ретінде сезінді. Біздің қонақтарымыз Дымбілмеспен оқу залында дефиле көрсету арқылы түрлі ертегілердегі кейіпкерлер ретінде сезінді. Ерекше күй сыйлаған бірегей әйел шляпалары, цилиндрлер, тақиялар, бейсболкалар, қалпақтар және т. б бас киімдері.

Даму орталықтарынан келген балалар тобының жетекшілері бағдарлама соңында ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, келесі жылы да балаларға арналған мұндай бағдарлама жарқын, қызықты және танымдық болатынына сенім білдірді.