Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_den_otkrytyh_dverey is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_den_otkrytyh_dverey is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

2018 жылдың 23, 24 қазанында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жыл сайынғы Ашық есік күндері өтті.

Акцияның мақсаты - кітапхана оқырмандарының аясын кеңейту, кітапхананың қызметтерімен және бөлімдерімен таныстыру, кітапхананың оң имиджін қалыптастыру.

Экскурсия қатысушыларына арнап қызықты және танымды алаңдар ұйымдастырылды: "Кітап әлемі" библиосеруені, тақырыптық кітап көрмелері, шолулар, кітап викториналары мен анаграммалар, шығармашылық тесттер, интеллектуалды- танымдық ойындар.

Кітапхана кіреберісінде оқырмандарды тіркеу және бақылау бөлімі Астананың 20 жылдығына орай сауалнама өткізді. Кітапханаға жазылуға тілек білдірушілерге оқырман билетін тегін рәсімдеуге мүмкіндік берілді. Қазақстанның астанасы туралы білімімен ерекшеленгендерге бір жылға жарамды атаулы оқырман билеті табысталды.

Кітапхананың фойесінде "Тілегімізді қабыл алыңыз!" тілектер тақтасы орнатылды. Келушілер кітапхана жұмысы бойынша  құттықтауларын, тілектері мен ескертпелерін белсенді түрде қалдырып отырды.

{gallery}material/news/2018_den_otkrytyh_dverey{/gallery}

Экскурсияға қатысушылар негізгі қорларды сақтау бөлімі әзірлеген бірегей сирек кітаптар туралы ақпаратты раритеттерді парақтай отырып, үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Оқу залдары және абонемент бөлімдері "Орнымызбен ауысайық: Сіз – кітапханашысыз, Мен – оқырманмын!" шығармашылық алаңы ұйымдастырылды.

Оқырмандар өздерін кітапханашының орнына қойып, талап парақшаларын толтырды, кітаптарды орнына қойды, құрбы-құрдастарына  қажетті кітаптарды ұсынды, оқырмандарға кітапхана қызметкерлерімен бірге қызмет көрсетті.

{gallery}material/news/2018_den_otkrytyh_dverey3{/gallery}

Ақындар мен жазушылардың мерейтой даталарына арнап кітап көрмелерін әзірлеу ұсынылды:

  • Даңқты қазақ ақыны С.Торайғыровтың 125 жылдығына арналған "Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған" атты кітап көрмесі

-  Атақты орыс жазушысы И. С. Тургеневтың 200-жылдығына орай, "Кругом Россия – край родной" атты кітап көрмесі

Кітапханамызда толықтыру бөлімімен "Буккроссинг" Акциясын өткізу дәстүрге айналған. Бұл акцияға кітапханаға келген әрбір оқырман қатыса алады. Кітапхана фойесінде барлық тілек білдірушілер үшін еркін кітап айырбастау ұйымдастырылды. Кітапханаға келген әрбір оқырман ол жерден өзіне ұнаған кітапты таңдап алды. Бұл акцияның қағидасы – "Оқы да – өзгеге бер".

Сондай-ақ, біздің тұрақты оқырмандарымызға 2018 жылдың 15-31 қазан қазан аралығында "Кітапты айыппұлсыз қайтар" акциясы жарияланды. Қандай да бір себеппен кітаптарын тапсыруын кешіктірген оқырмандар, осы уақыт аралығында кітаптарын айыппұлсыз тапсыру мүмкіндігіне ие болады.

Бұл күндері мектеп оқушылары, колледж, ЖОО студенттері, сонымен қоса басқа да тілек білдірушілер біздің оқырмандарымыз болып атанды. Барлығы елу шақты адам.

Ашық есік күні кітапханашылар мен жаңа оқырмандар үшін жемісті болды. Кітапханада өткен осындай шаралар өз нәтижесін береді деген ойдамыз.