Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_25let_tenge2 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_25let_tenge2 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Ағымдағы жылдың 25 қазан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық валютаның 25 жылдық мерейтойына арналған "Ұлттық валюта - Қазақстанның қазынасы" атты кеш өткізілді.

Кештің болашақ жастарға берері патриотизмді, ұлттық валюта мен оның мағынасы туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру, экономикалық саясат және ұзақ мерзімді болашақта ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау бойынша әдебиеттерді насихаттау болды.

Қазақ елі үшін биылғы жыл бірқатар атаулы даталармен қатар, мән-маңызы жағынан беделі жоғары тағы бір күн бар. Ол – ұлттық валютамыз теңгенің айналымға енген күні. Иә, 1993 жылдың қазан – қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шығып, 15 қараша күні теңге ресми айналымға енгізіліп, үлкен тарихи қадам жасалған болатын. Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды.

Кеште ең алғашқы сөз кезегін Қарағанды облыстық Ұлттық банкі "Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу және кассалық операциялар" бөлімі басшысының орынбасары Алдоңғаров Сағыныш Ерболатұлы алып, Қарағанды облысы бойынша банк жұмыстарының ақшамен қалай жұмыс жүргізіліп жатқандығы мен қатар, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызы, төл теңгенің тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы әңгіме өрбітті.

{gallery}material/news/2018_25let_tenge2{/gallery}

Аталмыш шара барысында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының кіші ғылыми қызметкері Сақымбай Динара Амангелдіқызы Ұлттық валюта күніне арнайы шығарылған жаңа банкноттар таныстыра отырып, мұражайда сақтаулы ақшалар, монеталар мен тиындардың тарихы тоқталып, мұражай қоры туралы баяндама жасады.

"Ұлттық теңге – болашақтың тұрақтылық кепілі" тақырыбындағы кітап көрмесіне кітапхана қызметкері шолу жасап, кітапхана қорындағы кітаптармен таныстырды.

Ұлттық валюта күніне жаңа банкноттардың таныстырылуы Қазақстан халқының жалпы ұлттық құндылықтар мен топтасқандық негізіндегі өзара бірлігінің, татулығының артуына жаңаша серпін беретіндігіне сенім білдіре аламыз.

{gallery}material/news/2018_25let_tenge3{/gallery}

"Төл Теңге – Қазақстан қазынасы" атты видеорлик қонақтар назарына ұсынылды.

Құрметті оқырман, кітапхана әрдайым жаңа оқырмандарын күтеді. Біздің кітаптармен танысуға әрдайым мүмкіндіктеріңіз мол!

Оқу залдары, кітапханашы Тусупбаева М.