Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_den_duhovnogo_soglasiya1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_den_duhovnogo_soglasiya1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Жыл сайын 18 қазан күні елімізде Рухани келісім күні атап өтіледі. Бұл мереке 1992 жылдың 18 қазанында Алматыда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі өткен күннен басталады.

Қазақстан – көпұлтты, көп конфессиялы, әлденеше мәдениеттер тоғысқан ел. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың парасатты басшылығы арқасында мемлекетімізде алуан тіл мен діндегі, мәдениеттегі ұлттар мен ұлыстар өзара ауызбірлік пен ынтымақта тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Ағымдағы жылдың 12 - қазан күні кітапханамыздың конференция залында  "Қазақстан – өркениеттер арасындағы диалог мекені" тақырыбында кездесу кеші өткізіліп, жақында Астана қаласында өткен Бүкіләлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті съезі қарсаңында "Рухани келісім – елдің өркендеу негізі" атты кітап көрмесі ашылды.

Алғашқы болып сөз кезегін кездесу кешінің қонағы, Қарағанды облысының "Рухани жаңғыру", "Рухани қазына" бағдарламаларының бас менеджері, Қазақстан Республикасы журналистер одағының журналисті Мұсабеков Бақытқали алды. "Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы, көпұлтты мәдениетті және конфессияаралық келісімді, біздің еліміздің және Қарағанды облысының бірлігін насихаттау, әдебиеттерді болашақ жастарға насихаттау, этникааралық келісімді және тұрақтылықты нығайту керек", -  деп басты мәліметтерді қатысушы оқырмандарға түсіндіріп өтті.

{gallery}material/news/2018_den_duhovnogo_soglasiya1{/gallery}

Бейбітшілік, руханият, келісім мәдениеті біздің елдің болашағы деп білеміз. Оқу залдарының кітапханашысы Тусупбаева М "Рухани келісім – елдің өркендеу негізі" атты кітап көрмесін қатысушы қонақтар мен оқырмандарға таныстырып, шолу жасады.

"Рухани келісім бірлік пен тұрақтылық кепілі" тақырыбында видеоролик көпшілік назарына ұсынылды.

Қазақстан Республикасындағы діни ахуалымен мемлекеттік – конфессионалдық қатынастар мәселелері бойынша сөз кезегін алған Л.Н.Гумилев атындағы Ұлттық Еуразия университетінің философия кафедрасының аға оқытушысы, дінтану магистрі Мұстафина Толғанай жүз отыздан астам этнос өмір сүріп жатқан Қазақстан үшін маңызды міндет этносаралық және конфессияаралық диалог пен өзара іс-қимылды сақтау және нығайту хақында толығымен әңгімеледі.

Студенттер тарапынан қойылған бірнеше сұраққа еркін түрде жауап беріп, жақында өткен Астана қаласындағы Бүкіләлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезінде қарастырылған мәселелер мен сұрақтары жайлы ақпарат берді. "Бүгінде жаһандану заманында адами құндылығымызды бойымызда жоғалтпай ұстау біздің басты міндетіміз. Мұндай құндылық көптеген халықтардың бойынан табу қиын. Осы асыл адамгершілік принциптеріміздің арқасында бүгінде елімізде тыныштықпен ынтымақтастық орнауда. Сондықтан біз үшін бұл атаулы күннің маңызы зор", - деген ойында жеткізді. Жастарға осы атаулы күннің еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнауына қосатын үлесінің зор екенін айта кетті.

Бейбітшілік пен рухани келісім күні Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – сенімді нықтайтын, үмітімізді ұштайтын ортақ салтанат мерекесі болсын.

Құрметті оқырмандар, оқығыңыз келетін әдебиеттеріңізді біздің кітапхана қорындағы кітаптардан табасыздар! Біздің кітапхананың есігі сіздер үшін әрдайым ашық. Біздің кітапханамызға келіп, кітап нәрімен сусындаңыздар!

Оқу залдары, кітапханашы Тусупбаева М.