Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ақын Қасым Аманжолов шығармаларын насихаттау, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында 2018 жылғы 15 қарашада «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты дәстүрлі VІІІ Қасым Аманжолов оқуларын өткізеді.

«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты дәстүрлі VІІІ Қасым Аманжолов оқуларының ЕРЕЖЕСІ

Республикалық VІІІ Қасым оқуларының бағдарламасы

(15 қараша 2018 жыл)

Уақыты

Тақырыбы

Өтететін жері

09.30. – 10.00.

Қасым ескерткішіне гүл шоқтарын қою

Қасым ескерткіші орналасқан аллеяда (Сәкен даңғылының Кривогуз көшелері қиылысатын тұсында)

10.30.-13.00.

Дәстүрлі VІІІ Қасым Аманжолов оқуларының ашылу салтанаты

«Ей, тәкаппар дүние, маған да бір қарашы...» номинациясы бойынша іріктеу

Н.В.Гоголь атындағы ҚОӘҒК

Ерубаев көшесі 44

10.00.-14.00.

Түскі үзіліс

 

14.00.- 16.00

Қасым оқулары бойынша іріктеудің жалғасы

Н.В.Гоголь атындағы ҚОӘҒК

Ерубаев көшесі 44

17.00. -18.30.

Қорытынды финалды кеш

«Шалқыма» концерт залы

(Костенко көшесі 7)