Кітапхана қорына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәңгілік достықтың стратегиясы. Қазақстан – Ресей: (жинақ) / – құраст. Т. А. Мансұров. – Мәскеу : Новости, 2010. - 539 б: түрлі-түсті фотосурет, атты жаңа қызықты кітап Қарағанды облыстық мәслихатынан сыйлыққа берілді.

Бұл үлкен кітапта Ресей Федерациясы Президенттері мен Б.Н.Ельциннің Қазақстан Республикасы жайындағы Бірлескен Мәлімдемелері баяндалады.

Ресейлік мемлекет және қоғам қайраткерлері мен ғылыми және шығармашылық қызметкерлері, журналистер және бизнесмендермен жоғары деңгейдегі кездесулер, елдер арасындағы көпреттік әрі жемісті байланыстар жайлы айтылады. Осы кітап арқылы Ресей басшылары Президент Нұрсұлтан Назарбаев жайлы ойларын білдіріп, қазақстанның жетістіктерін баяндап, елге деген тілектерін жеткізеді. Сондай-ақ, автор екі ел арасындағы мемлекетаралық аса маңызды құжаттарға, деректер мен дәйектемелерге арқа сүйейді. Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейде сөйлеген сөздері мен жарияланымдары осы кітапқа енгізіліп отыр. Ресей мемлекетімен жаңа қарым-қатынастар құру жөнінде, бүгінгі күнгі қоғамды толғандырып отырған мәселелердің кең ауқымын сөз етеді. Кітап беттерінде Ресей мемлекеті және басқа да мемлекет Президенттерімен жиналыс залдары мен келісім сарайларындағы отырыстардан фотосуреттер жарияланған. Мәңгілік достықты айқындайтын ақпараттарға толы кітап мемлекет арасындағы береке мен ынтымақтастықты насихаттайды. Кітапта Елбасының 1992 – 2008 жылдардағы қызметінен фотосуреттер сыр шертеді.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа жолданған құттықтау хаттары көрсетіліп, Елбасы өмірінен шынайы ақпарат алуға мүмкіндік сыйлайды.

Кітап көпшілік қауымға арналады.