Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_buhar_jirau is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_buhar_jirau is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Біз - ұлы бабамыз арман еткен біртұтас ұлт, қуатты мемлекет болуды жүзеге асырған бақытты ұрпақпыз.

Бұқар жырау – халық тағдыры таразыға түскен қиын-қыстау жылдарда уәжді сөзімен де, ерлікті дәріптеген отты жырларымен де елді ұйытып, халқымызды басшысының төңірегіне тығыз топтасуға, ата мекенімізді жатжерлік басқыншылардан қорғауға үнін қоса білген үлкен қайраткер тұлға.

Н.Ә.Назарбаев

Ағымдағы жылдың 18 тамыз күні Сарыарқа төсінде орналасқан Бұқар жырау ауданында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында кемеңгер жырау Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығын тойлауға арналған шаралар облыс әкімі Ерлан Қошанов бастаған көмекей әулие кесенесінің басына гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алды. Ұлы тұлғаның мерейтойымен Қарағанды облысының жұртшылығын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады.

Президент атынан құттықтауды салтанатты жиында сахнада мерейтойдың құрметті қонағы, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова оқып, дүйім жұртшылыққа құттықтау хатын жеткізді.

Бұқар жырау еліміздің тарихында өшпес мұра қалдырған әйгілі ақын һәм өз заманының дана да дара биі, шешендік өнерімен халықты өзіне қаратқан жырау, Абылай ханның кеңесші болған кемеңгер тұлға.

Баба тойы Ботақара ауылына жақын маңда ақ қанатты 100-ден аса киіз үйлер құрылып, халық жырау тойын тойлады. Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің жәдігерлері мен облыстық кітапхана қорындағы Бұқар жырау бабамызға арналған кітап көрмесімен танысты. Кітап көрмесінде кітапхана қорындағы ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығын кең көлемде дәріптейтін кітаптар мен мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген мақалалар ұсынылды. Бұқар бабамыздың 350 жылдық мерейтойына арналып шығарылған шығармалар жинағы, "Бірінші тілек тілеңіз", Сарыарқа кітапханасы сериясымен жарыққа шыққан "Бұқар жырау энциклопедиясы" атты кітаптары оқырмандар жүрегінен ерекше орын алды. Бұқар жырау тағылымынан біршама ой түйіндеген қонақтар саны көп болды. Баба тойына қатысқан қонақтарға жырау жайында жазылған "Бабадан қалған асыл сөз" деп аталатын қойын кітапшалары сыйға тартылды.

Сондай-ақ, мерейтойға келген қонақтар театрландырылған қойылымдар мен қазақстандық және шетел жұлдыздарының қатысуымен өткен концертті тамашалады. Тойға жиналған халықтың қарасында сан болмады.

Баба тойының сәнін келтірген ұлттық спорттық ойындары мен қолөнер жұмыстарының көрмесі өткізілді.

{gallery}material/news/2018_buhar_jirau{/gallery}

Бұқар жырауға арналған мерейтой ерекше мазмұнымен жұрт есінде қалары анық. Жыраудың тарихи тұлғасы, өмірі мен шығармалары бүгінгі ұрпақ үшін қаншалықты қымбат та қастерлі болса, келешекте де солай болып қала беретіні сөзсіз. Ұлы бабамыздың арманы болған бүгінгі тәуелсіз еліміз мәңгі жасай берсін!

Оқу залдары, кітапханашы Тусупбаева М.