Балалар мен ата-аналар назарына!!!

Жаз мезгілі келді, әдеттегідей ата-аналардың алдында балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, жаз мезгілін қызықты өткізу, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, білімдерін тереңдету сынды мәселелері туындайды. Осы уақытта Сіздерге Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасының қызметкерлері көмекке келеді.

Жаз мезгілінде бос уақытын қызықты да пайдалы өткізуге әр жастағы балаларды кітапханаға шақырамыз.

Жаз айларының дүйсенбі және сейсенбі күндері сағ. 10.00-ден 12.00-ге дейін балаларға араналған шығармашылық алаңдар тек Сіздер үшін жұмыс жасайды:

"Почемучкина поляна" - қоршаған орта, табиғат құбылыстары, адам туралы ойын түріндегі сабақ;

"MakerSpaceSummerCamp" - балаларға бағдарламалауды және робототехниканы оқыту;

"Домбыра-асыл мұра" - Ұлттық домбыра күні, балаларға арналған домбыра сабағы;

"Театральные каникулы" - халық ертегілері арқылы шығармашылықты дамыту, өзін-өзі көрсету;

"Summer in the Library!" - ағылшын тілін оқыту бойынша ойын түріндегі сабақтар;

"В стране Вообразилии" - шығармашылықты дамыту, бейнелеу өнеріне қызығушылық;

"Квиз цифрового творчества" - өз ойынын құру және кейіпкерлерді бағдарламалау;

 "Нескучайка" шығармашылық шеберханасы - сәндік-қолданбалы өнерді оқыту;

"Человек в мире вещей" - шығармашылық зертхананы өзіңіз жасаңыз;

"Мен суретшімін!" - балаларға арналған бояу ойындары.

Біздің шығармашылық алаңдарда Сіздер оқуды, сурет салуды, қолдан әр түрлі заттар жасауды үйреніп, сондай-ақ, ағылшын тілі мен робототехника  негіздерін меңгеретін боласыз.

Сіз әлем елдерінде жүріп жарқын әрі қызықты саяхат жасап, түрлі сауалнамалар мен байқауларға қатысып өз біліміңізді тексеріп аласыз.

Барлық алаңдарды кітапханашылар тек Сіздер үшін және тегін ұйымдастырады. Қол ұшын ұсынған еріктілерге риза боламыз.

Келіңіздер, жазғы демалысты пайдамен өткізейік!

Біздің жоспар бойынша алаңда өткізілетін сабақтар туралы толығырақ