Балалар мен ата-аналар назарына!!!

Жаз мезгілі келді, әдеттегідей ата-аналардың алдында балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, жаз мезгілін қызықты өткізу, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, білімдерін тереңдету сынды мәселелері туындайды. Осы уақытта Сіздерге Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасының қызметкерлері көмекке келеді.

Жаз мезгілінде бос уақытын қызықты да пайдалы өткізуге әр жастағы балаларды кітапханаға шақырамыз.

Жаз айларының дүйсенбі және сейсенбі күндері сағ. 10.00-ден 12.00-ге дейін балаларға араналған шығармашылық алаңдар тек Сіздер үшін жұмыс жасайды:

ЖАЗҒЫ ОЙЫНДАР СТУДИЯСЫ - 2018 - қолданбалы өнерге баулу

ENGLISH FOR KIDS  - ағылшын тілін үйрену клубы;

ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ – халық ертегілер тарихына шолу, викториналар мен мультфильмдер көру

ӨЗ – ӨЗІНЕ РЕЖИССЕР – балаларға арналған әуесқой театр

MAKER SPACE – балаларға арналған робототехника негіздері

ОҚУ АРАЛЫНДАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР – ойындар мен викториналар

ЖЫЛАНДАР АРАЛЫ – жорғалаушылар әлеміне қызықты саяхат

Біздің шығармашылық алаңдарда Сіздер оқуды, сурет салуды, қолдан әр түрлі заттар жасауды үйреніп, сондай-ақ, ағылшын тілі мен робототехника  негіздерін меңгеретін боласыз.

Сіз әлем елдерінде жүріп жарқын әрі қызықты саяхат жасап, түрлі сауалнамалар мен байқауларға қатысып өз біліміңізді тексеріп аласыз.

Сонымен бірге, Астанамыздың 20 жылдық мерейтойы аясында бас қаламызға виртуалды саяхат ұйымдастырылады.

Барлық алаңдарды кітапханашылар тек Сіздер үшін және тегін ұйымдастырады. Қол ұшын ұсынған еріктілерге риза боламыз.

Келіңіздер, жазғы демалысты пайдамен өткізейік!

Біздің жоспар бойынша алаңда өткізілетін сабақтар туралы толығырақ