2018 жылдың 14 маусымында сағат 11.00-де Қарағанды қаласының оқырмандарына арналған дәстүрлі "Жазғы Оқу қаласы" жобасы жұмыс жасауын бастайды.

"Жазғы Оқу қаласын" Әлиханов көшесі бойындағы, білім басқармасына қарсы саябақта, 23 тамызынан  дейін аптасына екі рет сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 11.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс жасайды. Оқырмандар үшін оқуды қолдауға арналған әртүрлі викториналар мен акциялар өткізіледі.

Барлығыңызды табиғат аясында әлемдік көркем әдебиеттердің үздік үлгілерімен сусындауға, көптеген қызықты мағлұматтар білуге және жаңа достар табуға мүмкіндік беретін "Жазғы Оқу қаласына" шақырамыз.