Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_festival_bayrzhanmomyshuly is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_festival_bayrzhanmomyshuly is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

24 сәуір күні сағат 15.00-де кітапхананың конференц залында "Бір ел – бір кітап" акциясы аясында Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" шығармасына арналған кеш өтті. Кешке жиналған кітапханашылар мен  студенттерге Баукеңнің өмір жолы мен шығармалары  жайлы айтылып, "Ұшқан ұя" бойынша  талдау жасалып, көрме таныстырылып, "Халық батыры-Бауыржан" атты презентация  көрсетілді. Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері А.Бектің шығармасы бойынша "Опасыздың жазасы – өлім" атты көрініс  ұсынды. Қоюшы-сценарист - Сапархан Алмасбек.

{gallery}material/news/2018_festival_bayrzhanmomyshuly{/gallery}

Бауыржан - тек соғыс қаһарманы емес, сонымен бірге жарқын да жалқы, қайта тумас азаматтың бейнесі. Осындай Аңыз адамның соғыс кезіндегі бейнесін көрсетуге тырысқан студенттерге риза болдық. Бауыржан жайлы айтылар аңыз да, жазылар естеліктер  де жалғасын табады деп сенеміз. Батыр даңқы - халық жүрегінде!