Сәуір айының 3 күні кітапхана қызметкерлері "Қарағанды көлік – технология"  колледжінде "Жолдау – даму негізі" тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.

Студенттерге  күрделі кезеңде  технологиялық реформаларды жүзеге асыру-дағы басты мақсат -  дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті отыз мемлекеттің  ара-сынан ойып тұрып орын алып, "Мәңгілік  Елге" айналу қажеттілігі жайлы айтыл-ды. Мемлекет басшысының  Ұлттық экономика мен әлеуметтік- мәдени дамудың барлық салаларына заман талабына сай цифрлы технологияларды енгізудің жол-дарын айқындап берген "Төртінші өнеркәсіптік  революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты" жолдауы жайлы, жолдаудағы негізгі  10 бағыт – алдағы мақсаттарымыз жайлы түсінік   берілді.

Сонымен қатар биылғы жылы наурыз айының 6-да жарияланған "Прези-денттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуімен таныстырып, жаңа ұсыныстардың маңыздылығы, әр Қазақстандықтың әл-ауқатын әрі қарай жақсара түсуге бағытталғандығы нақтылы дәлелдермен түсіндірілді.

Елбасының Қазақстанның өсіп-өркендеуіне әрбір отандасымыздың өз үлесі бар екендігін, бұл  ұсыныстарды іске асыру жаңа жұмыс орындарын құруға, сол арқылы ел экономикасын әрі қарай дамыта түсуге мүмкіндіктің мол екендігі  жайлы айтқан сөзі мысалға келтірілді.

Студенттер өздерін қызықтырған, толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, пікірлерін білдіріп, Елбасы жолдауын қолдайтындықтарын білдіріп отырды.

Ақпарат сағатының соңында колледж мұғалімдері мен студенттеріне мерзімді басылымдар секторындағы отандық және ресейлік басылымдар жайлы, көлік – технология саласына байланысты журналдар жайлы түсінік берілді. Мұғалімдер мен студенттер "Моделист конструктор", "Техника молодежи" журналдарындағы мақалалар мен материалдарға  қызығушылық танытып, сұрақтар қойды.

Сондай – ақ кітапхананың қызмет көрсету тәртібі мен жеке сайты туралы да мағлұмат берілді.

 Мерзімді басылымдар секторы  Айтбаева К.Т.