Сәуір айы кітапханада дәстүрлі түрде әр түрлі іс-шараларға толы. Бұл жыл да қалыс қалған жоқ. Халықаралық Кітап және авторлық құқық күні аясында жыл сайын мерекеленетін кітап фестивалі биыл Астананың 20-жылдық мерейтойының бастамасымен өтеді. Сонда-ақ, фестиваль бағдарламасында жыл сайынғы "Бір ел - бір кітап" акциясы бастау алады. Биылғы жылы акция тарихында тұңғыш рет жалпыхалықтық оқуға үш жазушының шығармасы таңдалып алынды: Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі, Немат Келімбетовтың "Үміт үзгім келмейді" хикая-монологы.

Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күніне, Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне және т.б. мерекелерге арналған іс-шаралар ұйымдастырылады.

Екінші жыл қатарынан кітапхана "Жаппай диктант жазу – 2018" акциясының алаңы болып келеді. Бұл жылы Қарағанды қаласының 11 алаңында, соның ішінде кітапханамызда да жазуға мүмкіндік болады

Сәуір айына арналған іс-шаралар жоспары

Барлық кітапхана оқырмандарын біздің іс-шараларға қатысуға шақырамыз!