Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_klub is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_klub is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Ағымдағы жылдың 19-наурыз күні кітапханамызда "Қазақша сөйлесейік" клубының "Армысың, әз Наурыз!"атты мерекелік сабағы өтті.

Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.

Ұлыстың ұлы күнін біздің клуб мүшелері де ерекше қызығушылықпен қарсы алды. Өзге ұлт өкілдері наурызға арналған дастарханды арнайы үйден пісіріп әкелген қазақтың ұлттық тағамдарымен толтырды. Қазақтың ежелгі салтын сақтай отыра, клуб мүшелері дастарханнан дәм ауыз тимес бұрын халықтың қазынасына айналған - бата оқудан бастады. "Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер" деп қазақ халқы бекер айтпаса керек. Бата айтылған жерден ырыс-несібе, береке арылмайтыны жайлы да түсіндірілді.

Қазақ халқы Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айналдырған. Отырыс барысында қазақ халқының және өзге шығыс елдерінің Наурызды қалай тойлайтыны туралы айтылды. Әрі қарай әр ұлттың ұлттық тағамдарының, ұлттық ойындарының, салт-дәстүрлерінің ерекшелігі туралы әңгіме өрбіді. Қатысушылар сабақ барысында Наурыздың ғажабын дәріптеген бейне сюжетті тамашалады.

{gallery}material/news/2018_klub{/gallery}

Отырыс соңында бәрі бір-біріне жылы лебіздерін айтып, дәм қайыру батасы оқылды. Дастарханның сәнін келтірген тамаша кездесуден "Қазақша сөйлесейік" клуб мүшелері жарқын көңілмен тарқасты.

 

"Қазақша сөйлесейік" клубының жетекшісі Даденова Мадина