Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_nauryz_vystavka is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_nauryz_vystavka is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Қызғалдақты құшақтап қырлар күліп,

Аспан жердің суснын тұр қандырып.

Қайтқан құстың ілесіп қанатына,

Наурыз келді дүниені нұрландырып.

2018 жылдың 13 наурызында сағат 11.00 де Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Наурыз-ұлттық мұра" атты кітап экспозициясының ашылуы өтті.

Аталмыш шара Наурыз мейрамы қарсаңында сүйікті қаламыз Қарағандыдағы облыстық кітапхналар мен музейлерде "Наурыз керуен" атты біртұтас атаумен өтетін Циклды ашып берді.     

Іс-шара мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, көпшілік қауымға қазақтың төл мерекесі жайлы мағлұмат беру. Сонымен қатар, Наурыз мейрамының шығу тарихына тоқтала отырып, көпшілікке түсінік беру, ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, өнерге баулу. Өнер туралы әдебиеттерді насихаттап, Қазақтың мәдени мұрасы туралы ақпарат беру.

{gallery}material/news/2018_nauryz_vystavka{/gallery}

Тәрбиелік мәні бар бұл кітап көрмесінің көрермендерін Ұлыстың ұлы күні қарсаңында кітапхана қорындағы тамаша туындыларымен толығырақ таныстырып өтпек.

Сонымен бірге, оқырмандардың білімдерін ұштау мақсатында "Наурыз жайлы не білеміз?" атты викторина өткізілді.

Шараға қатысқан оқырмандарға Наурыздың басталу нышаны ретінде ыстық бауырсақтар таратылып, шашу шашылды.