"Әлемді көз алдыңа келтіру үшін, басқалардың көзіне түсу үшін, адам рухының қадір – қасиетін асқақтата көтеріп, жар салу үшін өз биігің – Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңың болу керек".

Шыңғыс Айтматов

Ағымдағы жылдың 23 ақпан күні ҚР Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік қолбасшылығының офицерлер құраманың қатысуымен  қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, ұлы жазушы, ғұлама ғалым, профессор Мұхтар Омарханұлы шығармаларын насихаттау мақсатында  "Менің Әуезовім" тақырыбында ақпараттандыру сағаты өткізілді.

Туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен ұлы суреткер М.Әуезов – кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі. Қазақ әдебиетінің барлық жанрына тұңғыш рет қалам тартып, бәрін игеріп, сол арқылы тіліміздің шұрайын, еліміздің шырайын танытқан қарымды қаламгер, дарынды ғалым.

Кітапхана қызметкері Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметі және еңбектерімен таныстыра отырып, интерактивті тақта арқылы офицерлер назарына видеоролик ұсынды.

Бір ғана шығармасы "Абай жолы" роман - эпопеясымен әлемді мойындатқан ғұлама Әуезов. Роман - эпопея тарихына толықтай тоқталып, Әуезов өмірінің халық үшін қаншалықты маңызды болғанын кейін тарихтың өзі дәлелдегендігі де айтылды.

"Бала Мұхтардан дана Мұхтарға дейін" атты естеліктерден сыр шертілді.

Кітапханашы асыл азамат М.Әуезовке арналған кітап көрмесіне шолу жасады. Сонымен қатар, жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі жайында мағлұмат берілді.

Офицерлер қауымы ұлылардың өмірінен үлгі алуға деген талпыныстарын, отан қорғау барысында да өздеріне қажет боларын шын ықыластарымен жеткізді.

Құрметті оқырман! Сіздерді Мұхтар әлеміне әдеби саяхат жасауға, рухани азық алуға, жазушының шығармашылығымен танысуға кітапханамызға шақырамыз.

 Оқу залдары бөлімінің кітапханашысы

Тусупбаева М.Ж.