Кітапханамыздың жыл сайынғы жоспарында Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауларын насихаттау мақсатында көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылады. Оның ішінде қаламыздың оқу орындарының студенттері мен оқушыларына арналған ақпараттық сағаттар өткізіледі.     

Осыған орай, 2018 жылдың 8 ақпанда "Фемида" заң колледжінде "Елбасы жолдауы - жаңа нақтылық"= "Послание Президента - четкая стратегия" атты  ақпараттық сағат өткізілді. Студенттерге танымдық бағытта өткізілген бұл шара – Елбасымыздың сөзінен басталды. Мемлекет басшысы өзінің – "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" = "Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции" атты халыққа Жолдауында жастарға ерекше назар аударды. "Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ, заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс", - деп атап өтті Ұлт көшбасшысы.

Ақпараттық сағатта Жолдаудағы басты бағыттар талқыланып, оның ішінде "Адами капитал – жаңғыру негізі" атты жетінші бағыты өте мақызды болғандықтан, білім берудің жаңа сапасын, орта білім беру саласында жаңа мазмұнға басты назар аударылды. Өз кезегінде колледждің ұстаздары мен студенттер қауымы да орамды ойларын ортаға салып, пайымды пікірлерін білдірді. Білім саласында жаңа бағдарламалар, жаңа мазмұндағы оқулықтар мен стандарттарды енгізу туралы сұрақтар көтеріліп, Елбасының, әдеттегідей, жас ұрпаққа біліміне беруге айрықша көңіл бөлуі қатты қуантты. Жаһанданған әлемдегі білім мен ғылым тілі ағылшын тілі екенін ескерсек, адамның жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде  үш тілді меңгерілу керектігі, сонда ғана азаматтық қоғам құрылатындығын айтылды. Осылайша өзекті мәселелердің барлығы оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар талқыланып, Жолдаудағы "Цифрлы Қазақстан" кешенді бағдарламасы туралы студенттер қауымынан сұрақтар қойылды. Оның қазіргі кезде іске асып жатқандағы құрғақ сөзбен айтылмай, дәлелдемелер келтірілді.

Жолдаудағы берілген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында Қарағанды облысында  қандай жұмыстар атқарылып жатқандығы тілге тиек етілді. Кітапханамыздың мерзімді басылымдар секторында "Взгляд на события" газетінің №12 санында жазылған мақаладағы негізгі ойлар талқыланды. Ол мақалада облыстық әкімдікте болған жиында облыс әкімінің Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша берілген тапсырмалары назарға ұсынылды. Сонымен қатар, "Егемен Қазақстан", "Орталық Қазақстан", "Казахстанская правда", "Индустриальная Караганда" газеттерінде Жолдаудағы тапсырмаларды орындаудағы елімізде қандай ауқымды жұмыстар жасалып жатқандығын оқып білуге болатындығы айтылып, газеттердің соңғы нөмірлері студенттер мен оқытушылар қауымына ұсынылды.

Ақпараттық сағат заң колледжінде өтіп жатқандықтан, болашақ заңгерлерге "Заң", "Мирас", "ZAN’GER", "Құқық қорғау органдары академиясының жарщысы", "Тіл", "Заң және заман" = "Закон и время", "Фемида" т.б журналдар ұсынылды. Бұл журналдар тәжірибе алмасуды, заң нормаларын түсіндіруге бағындырылып арналғандықтан мақалаларды оқуға шақырдық. Ақпараттық сағат соңында ұстаздар, студенттер журналды қызығушылықпен қарап шықты. Кітапханамызға жазылмаған студенттер кітапханамызға жазылу өтінішін білдірді. Кітапхана қызметкерлері кітапханамыздың жұмыс кестесі, оқырмандарға көрсетілетін қызмет түрлері, ресми сайт www.karlib.ru туралы таныстырып ақпарат берді.

Мұндай танымдық сағат әрдайым өтіп тұру, ұстаздар, студенттер қауымы  үшін өте пайдалы. Бұл іс - шара өз мақсатына жетті деген ойдамыз.

Мерзімді басылымдар секторы  Күлмағамбетова Гүлжазира