Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_seydimbekov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_seydimbekov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Бүгін 12 желтоқсан қазақ руханиятының көрнекті тұлғасы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, халқымыздың өр рухының, өнегелі салтының, өрелі қалпының аса көрнекті өкілі, өнертануға өлшеусіз үлес қосқан ұлылықтың үлгісіндей болған тарихшы, журналист, этнограф Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің туғанына 75 жыл толып отыр. Тірі болса 75 жасын алты Алаш аспаны аясында дүркіретіп өткізер еді. Аяулы тұлғаның аты күн сөнгенше өшпейді. Олай дейтініміз бүгін Ақселеу Сланұлын еске алу кешін Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Қарағанды гуманитарлық колледжі бірлесе ұйымдастырып, өткізді.

Кешке физика-математика ғылымдарының док­торы, профессор, "ХХ ғасырдың ғұлама адамы" Темірғали Әбділдаұлы Көкетаев,  Қазақстан Жазушылар одағы облысаралық бөлімшесінің директоры, ақын Серік Ақсұңқарұлы,  филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асанов,  "Қасым" журналының бас редакторы Серік Сағынтай, ақын Бағдат Мүбарак, прозаик Алмаз Мырзахметов қатысты.

{gallery}material/news/2017_seydimbekov{/gallery}

Қарағанды гуманитарлық колледжі қабырғасында өткен кеште ұлан-ғайыр сахарамызды түгел шолып, қат-қабат тарихымызды терең қаузап ділмар тілмен толғайтын ғұлама ғалым, үлкен парасат иесі Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгіме болды.

Колледждің 1 курс студенттері "Ғылым тілін таба білген", "Кестелеп сөз маржанын тіл үйірген", "Ақселеу Сейдімбек – күйші, сазгер" тақырыптарында даярлаған шағын ғылыми жобаларын ұсынды. Сонымен бірге жастардың арнайы даярлаған қазақтану ілімінің қара нары Ақселеудің артына қалдырған ешқашан ескірмейтін, тозбайтын, ғасырдан-ғасырға, жалғаса беретін ғажап та құнды мұралары жайында естеліктер, өлеңдер оқылды. "Ақселеу Сейдімбектің ұлы жолы" бейнебаяны мен "Шынның жүзі" бағдарламасында берген Ақселеу Сланұлының сұхбаты тыңдалды.

{gallery}material/news/2017_seydimbekov1{/gallery}

Ақселеу Сейдімбектің композиторлық қабілеті де кісіні сүйсіндіреді. Ол Арқа әндерінің дәстүрлі мәнерінде орындалатын бірнеше асқақ әндер шығарды. Олар халыққа кең тараған, шырқау диапазоны әншінің әншісін ғана қажет ететін "Дәурен-ай", "Сарыарқа" тәрізді әндері. Бұл әндері де белгілі әнші Ержан Базарбековтың орындауына осы кештің ажарын аша түсті.

Кеш соңында кітапхананың ұйымдастырған "Алаштың Ақселеуі" атты кітап көрмесіне әдеби шолу жасалды.

А. Сейдімбектің өлмес мұрасын жас ұрпаққа дәріптеу, кітапхана мен колледж арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткен кештен Ақселеуден қалған еңбектің өлмейтіндігін, ол – халқына және оның келешегіне, келер ұрпаққа арналған мұра екенін жастар ұғынып қайтты.

 Өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы С.О. Телпекбаева