Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_tyleubay_prezentatsiya is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_tyleubay_prezentatsiya is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Кітапханада "Ұлттық мінез – қазақ журналистикасының темірқазығы" атты Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, журналист Төлен Тілеубайдың оқырмандармен жүздесу кеші өтті.

Төлен Зәрубайұлы Тілеубай журналистік қызметінде Қарағандыда жаңадан жарық көрген "Сана" апталық тәуелсіз газетінде шолушы (1999-2000), елордалық "Астана ақшамы" газетінде бөлім меңгерушісі (2002-2003), республикалық "Жас қазақ үні" (2001-2002), "Ақ жол, Қазақстан" (2002-2003), "Алтын орда" (2003-2004) тәуелсіз апталықтарында меншікті тілші, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының бұқарамен байланыс басқармасында бас маман (2003-2004), ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Үкіметтік басылымдар редакциясында жетекші маман (2004-2005), "Жас қазақ" республикалық ұлттық апталық газетінде Астана қаласындағы меншікті тілші (2005-2014), бас редактордың орынбасары-Астанадағы өкілдік жетекшісі (2014-2016) қызметтерін атқарды. Қазіргі кезде Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде жұмыс істейді. "Бас редакторлар клубы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

Көсемсөздері, сараптамалық мақалалары, сұхбаттары, публицистикалық шығармалары көптеген жинақтарға енген.  "Аласапыран Америка" (2006), "Тәуелсіздік - тұмарым" атты кітаптарының авторы.

Кеш барысында автор оқырман қауымға 2016 жылы Астанадағы "Бақорда" баспасынан жарыққа шыққан "Тәуелсіздік-тұмарым" атты жаңа кітабын таныстырды. Бұл жинаққа соңғы 15 жылда қазақ баспасөзінде жарық көрген сұхбаттары, сараптамалық мақалалары, репортаж, журналистік зерттеу, шағын ой-толғаулары, сондай-ақ публицистикалық шығармалары топтастырылған.

Оқырманды "Бұл кітаптан не оқи аламын?" деген сұрақ ойландыратыны сөзсіз.

Бұл кітап АЛАШ, ЖЕЛТОҚСАН, ТӘУЕЛСІЗДІК деген үштаған тұғырдан тұрады. Биыл Алаштың 100 жылдығы. "Не көрсем де Алаш үшін көргенім!" деп жанын шүберекке түйген Алаш арыстарының мұраты десе елеңдемейтін қазақ жоқ. Себебі азаттықтың бастауында Алаш тұр. Қазақтың бағына туған Әлихан Бөкейхан бір ғасыр бұрын алғашқы ұлттық Үкімет құрды. Саясаттанушы Берік Әбдіғали: "Қазақ Республикасы – Алаш Республикасының мұрагері. Біз тәуелсіз Қазақстанның тарихын Алаш Республикасының тарихынан бастауымыз керек" дейді. Алаш арыстарының азат ел болу деген басты арманы орындалды. Бірақ Алаш заманындағы "Қазақ тілі неге дамымайды?", "Қазақ өз елінде қожайын болу керек", "Қазақ бәсекеге қабілетті болуы тиіс" деген мәселелер әлі шешімін тапқан жоқ. Ол түгілі, Алаш көсемінің есімін Қарағандының бір ауданына беруге ерік-жігеріміз жетпей отыр",- дейді Төлен Тілеубай.  

{gallery}material/news/2017_tyleubay_prezentatsiya{/gallery}

Тәуелсіз сана: ұлттық мұрат; кәсіби ұстаным; бәсекелестік қабілет туралы ой қозғалып, еркін пікірталас болды. Келген оқырман қауым жаңа кітапқа ақ жол тілеп, журналист шығармашылығына табыстар тіледі.

 Өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы С.О. Телпекбаева