Қараша айында кітапхана іс шаралары Ұлттық валюта күні, Тұңғыш Президент күні, "Алаш" партиясының 100-жылдық мерейтойы секілді тарихи даталарға арналған. Осы оқиғаларға қатысты ақпаратты материалдар кітап-иллюстрациялық көрмесінде ұсынылады. Сондай-ақ, оқырмандарды биылғы мерейтой иелері қазақ жазушыларының шығармаларымен танысуға шақырамыз және дөңгелек үстелдер мен әдеби диспуттардың қонағы болыңыздар.

Қараша айы бойы кітапханамызда қызығушылықтарға байланысты, клубтар жұмыс істейді. Бұл алаңдарда сіздер, қазақ тілі мен ағылшын тілін үйрене аласыз, оқылған кітаптарды оқып және талқылай аласыздар, өлең жазып, танымыңызды арттырып, шығармашылығыңызды шыңдай отыра жаңа достармен танысасыз.

Қараша айына арналған іс-шаралар жоспары