Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_Kasim1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_Kasim1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

"Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ..." атты дәстүрлі VII Қасым Аманжолов оқулары.

"Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ..." атты дәстүрлі VІІ Қасым оқулары 2017 жылдың 27 қыркүйек күні сағат 12.00-де Қасым ескерткіші орналасқан аллеяда (Сәкен даңғылының Кривогуз көшелері қиылысатын тұсында)  өтті.

Елбасы Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы – ел Тәуелсіздігін одан әрі нығайту бойынша еліміздің жастарына арналған жол картасы. Соның ішінде Жалпыұлттық патриотизм ұғымын кеңейтуге бағытталған "Туған жер" бағдарламасы аясында Қарағанды облысында ауқымды істер атқарылып жатыр. Солардың бірегейі - Қазақстанның рухани мұрасына, жастарды өлкенің мәдени құндылықтарына қатыстырып, патриоттық тәрбие беру, Отанын, елін, ұлтын сүюге және көркемдік оқуды, әдебиет пен поэзияны құрметтеуге тәрбиелеу болып табылатын жоба – "Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ..." атты дәстүрлі Қасым Аманжолов оқулары.

Халқы барда Қасым жырының нарқы барын 2011 жылы дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойын бір ел боп халықаралық деңгейде тойлағаны айғақтады. Ақынның ғасырлық тойы қарсаңында Қарағандыда асқақ ескерткіші бой көтеріп, дәстүрлі Қасым оқуларына жол ашылған болатын. Қоңыр күз сайын ұйымдастырылатын поэзия мерекесін  Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы дәстүрлі түрде өткізіп келеді.

Биылғы жылғы дәстүрлі VII Қасым оқулары 13 пен 21 жас аралығындағы жастар арасында байқау түрінде екі номинация бойынша өткізіліп, Үздік арнау мен Үздік эссені анықтады.

Дәстүрлі VII рет өтетін Қасым оқуларына Алматы қаласынан арнайы шақырылған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан "Серпер" жастар сыйлығының, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың және Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының, "Алтын қалам" қоғамдық сыйлығының иегері, "Қазақ әдебиетін қолдау" қоғамдық қорының жетекшісі. "Кентавр" ұлттық әдеби апталығының негізін қалаушы, "ULT.KZ" әдеби интернет-порталының редакторы Ақберен Елгезек және Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының директоры, ақын Серік Ақсұңқарұлы бастаған Қарағандының танымал ақын-жазушылар, ғалымдар, журналистер қазылық етіп қатысты.

{gallery}material/news/2017_Kasim1{/gallery}

Осы жылғы байқауға бақтарын сынап барлығы ауыл, аудан қалалардан және қаламыздың білім ордаларынан талантты үміткерлер өз шығармаларын ұсынды. Жүзден жүйріктер анықталып он екі жеңімпазды марапаттады.

"Дүниеге келер әлі талай Қасым" номинациясы бойынша үздік танылғандар

  • Бас жүлде Бауыржан Ерман
  • Бірінші орын Жаһаншаһ Бәдел
  • Екінші орын Айдар Қамиев, Ернұр Төкен,
  • Үшінші орын Ардақ Тойлыбаева, Елдос Советов 

"Қазақ аспанында – Қасым рухы" номинациясы бойынша үздік танылған

  • Бас жүлде Аяжан Амангелдінова
  • Бірінші орын Досжан Нұрбол
  • Екінші орын Қарақат Құрмашева, Дарья Ершова
  • Үшінші орын Жақан Сағыныш, Қыдырма Аян
  • {gallery}material/news/2017_Kasim2{/gallery}

Қарағанды облыстық этноэтномәдени бірлестіктері өкілдері Қ. Аманжоловтың өлеңдерін түрік, неміс, өзбек, қырғыз, орыс тілдерінде оқыды.

Алаңда Қ. Аманжолов өмірі мен шығармашылына байланысты "Қазақ жырының алдаспаны" тақырыбында викторина, кроссворд, ойындар жүргізілді. Оқырмандар назарына "Қыран қанатты ақын" атты кітап көрмесі ұсынылады.

Өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы С.О. Телпекбаева

Толығырақ бейнематериалда

Бірінші Қарағанды телеарнасының жаңалықтары

Пятый Канал жаңалықтары

Қазақстан Қарағанды телеарнасының жаңалықтары