Міне, жаздың соңғы айы да келіп жетті. Тамыз айында кітапханада жазғы бағдарламалар өз мәресіне жетіп, күзгі іс-шараларға дайындық кезеңі басталады. Осыған қарамастан, жаздың соңғы айында да сіздер үшін қызықты кітап көрмелері, әңгімелер, көпшілік іс-шаралар дайындалып ұсынылады. Сонымен қатар, тамыз айында өтетін білім беру саласы қызметкерлерінің тамыздық конференциясына да кітапхана қызметкерлері дәстүрлі түрде белсене қатысады.

"Кітапханадағы жаз" бағдарламасы аясында ашылған балаларға арналған үйірмелер мен клубтар жұмысын жалғастырады.

Тамыз айына арналған іс-шаралар жоспары.