Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_Tsaft is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_Tsaft is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Міне, биылғы жылы кітапханамызда жұмысын бастаған "Әдебиет маусымы" жаңа жобасы аясында оқырмандарымыз бен қала тұрғындары қонақта болып, ұтқыр ойлы мәліметке қанық болуда. Жаз айы кітапхана үшін қызыққа толы мезгіл десек қате айтпаған болар едік.

5 шілде күні кітапханада Өлкетану әдебиеті бөлімінің ұйымдастыруымен аймағымызға белгілі журналист Цафт Татьяна Викторовнамен кездесу өтті. Бұл кездесу "Жазғы әдебиет маусымы" аясында "Неміс әдебиеті маусымы" бойынша "Видергебурт" неміс орталығы" облыстық бірлестігімен өтіп жатқан кездесулердің жалғасы болып табылды.

Журналист – қарапайым халық пен жоғарғы билік арасындағы көпір секілді. Тек шындықты айтатын,шындықты жақтайтын адам ғана журналист бола алады. Міне, оқырмандарымызға осындай мамандықтың қыр-сыры мен тың құбылыстары жайлы ақпарат беруді көздеген кездесуіміз жылы көңіл-күйде өтті.

Ұзақ жылдар бойы журналистік қызметін Т. Цафт Қарағанды қалалық 5 телеарнасымен ұштастырған. Журналистік салада еш уақыт бейтараптылық танытпаған Татьяна Викторовна өз мамандығының шебері. Қызығы мен шыжығы біте қайнасқан еңбек жолын бейнекөрініс арқылы көрермендеріне жеткізген Татьяна Викторовна өз шығармашылығын әсерлі әңгімеледі. Әлеуметтік саланың сұрақтарын елеп жүретін журналистің көптеген материалдары балалар үйінде тәрбиеленетін балаларға арналған. Жүректі қозғайтын, жанды тебірентер әңгімелері мен өмірлік жолындағы бейне көріністер жиналған қауымды бей-жай қалдырмағаны анық.

{gallery}/material/news/2017_Tsaft{/gallery}

Осы ерекше кездесуге қонақ әрі журналисттің досы ретінде арнайы келген ақын Алексей Черемисин өз туындыларынан гитарамен әуелетіп ән салып, ортаны шабыттандырды.

Жастарға тәлімі мол бұл кездесу көп уақыт ойдан кетпесі анық...

Өлкетану әдебиеті бөлімінің құжаттарды цифрлау қызметкері

Түсіпбаева М.Ж.