Жаздың ең ыстық айы – шілде де келіп жетті. Жаздың ыстық күндеріне қарамастан кітапхана жұмысы жалғасуда: кітап көрмелері ұйымдастырылады, әңгімелер өтіп, әдебиеттерге шолулар жасалады. Жазда кітапханашылар дәстүрлі түрде түрлі әдістемелік – библиографиялық оқу құралдарын әзірлеу жұмыстарымен айналысады, атаулы күндер Күнтізбесін дайындайды.

"Кітапханадағы жаз" бағдарламасы аясында ашылған балаларға арналған үйірмелер мен клубтар жұмысын жалғастырады.

Шілде айына арналған іс-шаралар жоспары.