2017 жылдың 26 маусымы күні қаламыздағыОрталық саябақта   "Адамдар, тоқтаңыздар: балалар есірткісіз әлемді қалайды" Акциясы өтеді. Акция Халықаралық нашақорлық және есірткінің заңсыз айналымымен күрес  күніне орай ұйымдастырылып отыр.

"Сау Ұрпақ" қоғамдық бірлестігі ұйытқы болып отырған бұл шараға қаламыздың іргелі ошақтары:

  • Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы;
  • Балалар мен жасөспірімдер сарайы;
  • "Нұр Отан" партиясының Қарағанды облыстық филиалы;
  • "GIO TRADE" СӨС ОО  ЖШС;
  • Дене шынықтыру және спорт басқармасы;
  • №1 қалалық емханасы;
  • "Қайырымдылық әлемі" қоғамдық бірлестігі ат салыспақ.

 Баршаңызды

"Адамдар, тоқтаңыздар: балалар есірткісіз әлемді қалайды" қалалық Акцияға қатысуға шақырамыз! Басталуы сағат 12.00-де.