Балалар мен ата-аналар назарына!!!

Жаз мезгілі келді, әдеттегідей ата-аналардың алдында балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, жаз мезгілін қызықты өткізу, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, білімдерін тереңдету сынды мәселелері туындайды. Осы сәтте Сіздерге кітаптар мен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасының қызметкерлері көмекке келеді. 

Жаз мезгілінде бос уақытын қызықты да пайдалы өткізуге әр жастағы балаларды кітапханаға шақырамыз.

Жаз айларының дүйсенбі және сейсенбі күндері сағ. 11.00-ден 13.00-ге дейін

балалардың шығармашылық алаңы тек

Сіздер үшін жұмыс жасайды:

ЖАЗҒЫ ӘДЕБИ ДЕМАЛЫС - сыныптан тыс оқулар;

ТУҒАН ӨЛКЕНІҢ ТОПЫРАҒЫ  -  өлкетану сабақтары;

ENGLISH FOR KIDS   -  ағылшын тілін үйрену клубы;

ЖЕР ШАРЫНА САЯХАТ -  танымдық сабақтар;

ҒАЖАЙЫП ОРИГАМИ  -  қолөнер сабақтары;

ҮНЕМДІЛІК ӘЛІППЕСІ - үнемшілдік сабақтары;

ЖАЗҒЫ ОЙЫНДАР СТУДИЯСЫ - сурет салу және сәндік-қолданбалы өнерге баулу

ӘЛҚИССА - домбыра үйірмесі;

СИҚЫРШЫЛАР САРАЙЫ - киімді әшекеймен сәндеу;

САЗДЫ САНДЫҚША  - сауалнама қарастырылған.

Оқуды, сурет салуды, қолдан әр түрлі заттар жасауды, тоқуды, киімді әшекеймен сәндеуді үйреніп аласыздар, сондай-ақ, ойнап жүріп ағылшын тілін меңгеретін боласыз.

Сіз әлем елдерінде жүріп жарқын әрі қызғылықты саяхат жасайсыз, түрлі сауалнамалар мен байқауларға қатысып өз біліміңізді тексеріп аласыз.

Үнемшілдік сабақтарында Сізге суды, электр қуатын және жылуды қалай тиімді пайдалану қажеттігін үйретеді.

Барлық алаңдарды кітапханашылар тек Сіздер үшін және тегін ұйымдастырады. Қол ұшын ұсынған еріктілерге риза боламыз.

Біздің жоспар бойынша алаңда өткізілетін сабақтар туралы толығырақ

Балалар алаңының барлық жұмыстарын, қызықты, әрі пайдалы ақпаратты jaz.karlib.kz сайтынан көре аласыздар

Кітапханадағы жаз – пайдалы әрі қызықты! Кітапханадағы жаз – ең көңілді уақыт!