Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_infobreyk2 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_infobreyk2 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Елімізде 2007 жылдан бері өткізіліп келе жатқан "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы аясында 2017 жыл кітабы болып Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармалары таңдалды.

Осыған орай 16 мамыр күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлері қаламыздың әсем көшелерінің бірі Бейбітшілік гүлзарында инфо-брейк шарасын өткізді. Бұл көшені таңдау себебі – қаламыздың бірнеше оқу орны орналасқандықтан жастардың сүйікті орны болып табылады.

{gallery}/material/news/2017_infobreyk2{/gallery}

Кітапхана жастары Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, "Лингва" шет тілдер колледжі мен Станиславский атындағы орыс драма театры маңында ақын шығармаларын насихаттау жұмысын жүргізді. Көше бойындағы қала тұрғындарына ұйымдастырушылар акция тарихы, кітапхананың ұсынатын қызметтері туралы қысқаша мағлұмат беретін ақпараттық парақшалар дайындап, таратты. Шара барысында топ мүшелері әр түрлі жас шамасындағы тұрғындармен сұхбаттасып, акция жайында бірер сұрақтар қойды. Көпшілік аталмыш акция тарихымен таныс болмағанымен, С. Торайғыровтың өмірі мен шығармаларынан хабардар екендігін көрсетті. Жастар кітапханада ұйымдастырылатын клубтар мен үйірмелерге қызығушылық танытты. Көпшілік арасынан кітапханамызға тілекші болып, біздің ұйымдастырып отырған шарамызды одан әрі жалғастырып, жас ұрпаққа қазақ әдебиетін ұлықтап, танытуды дәстүрге айналдырған дұрыс деген қолдаушылар да табылды.

{gallery}/material/news/2017_infobreyk3{/gallery}

Өткізіліп отырған шара барысында қазіргі өскелең ұрпақтың оқуға, білуге деген ынтасын байқадық. Осындай іс-шараларды жиі ұйымдастырып, халықты ақпаратпен қамтып отырсақ, әр кітаптың өз оқырманы табылатыны сөзсіз.