Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_breiring is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_breiring is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Кітап фестивалі бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде аталып келе жатқан мерейлі мереке болып табылады. Биылғы жылы аталмыш мейрам кітапханада ұйымдастырылған қызықты алаңдармен есте қалды.

Солардың ішінде, "Брейн Ринг" зияткерлік ойынына арналған алаңды ерекше атауға болады. Аталған сайыс "Шахтер" МҚКК жанынан құрылған   "Не? Қайда? Қашан?" зияткерлік клубының  (жетекшісі А. Шимановский)  қолдауымен өткізілді. "Кітап – мәдениет пен руханияттың алтын көпірі" атты Кітап фестивалі Дүниежүзілік кітаптар  мен авторлық құқықты қорғау күніне орай, әрі ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында ұйымдастырылғандықтан, білімділер сайысында қойылған сұрақтардың дені осы тақырыптарды тұтас қамтыды.

Бұл  сайысқа "Фемида" колледжінің студенттері, №52 мектеп оқушылары, "Не? Қайда? Қашан?" зияткерлік клубының және кітапхана жанынан құрылған "Жыр-Жауһар" поэзия клубының мүшелері ат салысты. Қатысуға ниет білдірген барлық жас дарындардың арасында жеребе тартылып, төрт топ құрылды.

{gallery}material/news/2017_breiring{/gallery}

3 кезеңнен тұрған ойынның шарты бойынша, әр кезеңнен кейін аз ұпай жинаған топ сайыстан шығарылып отырды.  Ойын соңында, ойы ұшқыр, білімі кемел "Жалын" тобы жеңіске жетті. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен кітаптар беріліп, жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.