Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_festival_knigi2 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_festival_knigi2 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

20-23 сәуір аралығында кітапханамызда елімізде өтетін ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің аясында және Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай "Кітап – мәдениет пен руханияттың алтын көпірі" атты Кітап фестивалі өтуде. Аталмыш шараның салтанатты ашылу рәсімі 20 сәуір күні өтіп, кітапхана оқырмандарын әртүрлі форматтағы шаралармен қарсы алды.

Кітап оқуды дәріптеу, жастарды кітап оқуға ынталандыру, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдауды мақсат еткен бұл шара республикалық "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында ХХ ғасырдың басындағы ұлттың ояну кезеңінің жалынды жыршысы, қазақ әдебиетінің классигі Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларын насихаттау мен жалынды жырларын оқумен басталды.

Биылғы жылы аталып отырған тарихи дата – Алаш қозғалысына 100 жыл. Осы орайда, көпшілік назарына Қарағанды политехникалық колледжінің студенттері "Әлихан Бөкейханов" атты қойылым ұсынды. Талантты жастар қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, "Алаш" партиясының жетекшісі Ә. Бөкейхановты және оның замандастарының образын шеберлікпен сомдады.

{gallery}material/news/2017_festival_knigi2{/gallery}

ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің өтуіне өзіндік үлес қосамыз деп ынталанып отырған Қарағанды сән колледжінің "Дебют" театры қазақ халқының ұлттық киімі мен театр сахнасына арналған костюмдердің сән үлгілерін көрсетіп, көрермендердің қошеметіне иеленді.

2017 жыл Қазақстанда Қытай мемлекетінің туризм жылы және Қытайда Қазақстан мемлекетінің туризм жылы деп жарияланған. Осыған орай, іс-шараға Қарағанды политехникалық институтының жанынан ашылған Конфуцзы институтының қызметкері Чжан Яньфей және студенттер шақырылды. Қонақтарды Қытай мемлекетінің мәдениетімен таныстырып, өз өнерлерімен көрермендерді тәнті еткен бұл институттың қызметкерлері осы күні жиылған жұртты қытайдың иероглифтарын жазуға да үйретуге уақыт тапты.

Осы күнгі фестиваль шеңберінде "Әлихан Бөкейхан - ұлт мақтанышы" кітабының тұсаукесері, "Отбасылық оқу бұрышының" ашылуы, "Брейн-ринг" жастар интеллектуалдық ойыны, "Әдеби маусым" жаңа жобасының ашылу аясында Қарағанды облыстық "Ыхлас" татар-башқұрт бірлестігімен "Халық жанының айнасы" атты кездесу және көптеген Акциялар ұйымдастырылды.

{gallery}material/news/2017_festival_knigi4{/gallery}

Сонымен қатар, оқырман қауымның назарына "Жұлдызды кітаптар шеруі", "Бұл кім? Ол не?" (балаларға арналған), "Ғажайып наноәлем", "Заманауи ұсыныс" (бестселлер жанрындағы кітаптар) атты кітап көрмелері ұсынылды.

Жалпы Кітап фестивалінің өтуі өте маңызды, өйткені қазіргі таңда жастар виртуалды кеңістікке қызыққаны соншалық, олар үшін шынайы өмірден гөрі интернеттегі өмір маңыздырақ болып бара жатыр. Ал фестиваль аясында өткен іс-шаралар қала тұрғындарына жаңа кітаптармен танысуға, кітап жанашырларымен кездесуге, акцияларға қатысуға және ең бастысы жастарға уақытты барынша ұтымды өткізуге, бір-бірімен бетпе-бет қарым-қатынас орнатып, шынайы достар табуға мүмкіндік берді.

 Айгүл Қарашова

Кітапханаларды дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі