Құрметті оқырман қауым!

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында

2017 жылдың 20-23 сәуір күндері

"Кітап – мәдениет пен руханияттың алтын көпірі"атты Кітап фестивалі өтеді.

Аталмыш шара ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында және

23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні

мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр.

Кітап фестивалінің ресми ашылуы 20 сәуір күні сағат 11.00-де кітапхана алаңында өтеді.

Ашылу салтанатында "Сән" колледжінің "Дебют" сән театры "ЭКСПО – 2017" көрмесіне арналған қазақ ұлттық киімдерінің коллекциясымен  таныстырып, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншісі Әсел Қарабаева әннен шашу шашады.

 Фестиваль бағдарламасында:

  • "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы – "Жыл кітабы - 2017";
  • "Алаштың Әлиханы" кітабының тұсаукесері – 20 сәуір сағат 12.00.;
  • "Отбасылық оқу бұрышының" ашылуы – 20 сәуір сағат 12.00.;
  • "Брейн-ринг" жастар интеллектуалдық ойыны - 20 сәуірсағат 12.00.;
  • Жаңа жоба! "Әдеби маусым" жаңа жоба аясында Қарағанды облыстық "Ыхлас" татар-башқұрт бірлестігімен;
  • "Халық жанының айнасы" атты  кездесу - 20 сәуір сағат 15.00.;
  • "Звезды книжной галактики" әдеби қонақжай клубының отырысы – 23 сәуір сағат 11.00.

Фестиваль аясындағы акциялар:

  • 17-24 сәуір аралығында "Ұмытшақ оқырман" апталығында тапсыруға ұмытып кеткен кітабыңызды айыппұлсыз тапсыру;
  • 20 сәуір "Мені өзіңмен ала кет!" – Букроссинг;

 Кітап көрмелері:

  • 20 сәуір - "Жұлдызды кітаптар шеруі";
  • "Бұл кім, ол не?" балаларға арналған кітаптар көрмесі;
  • 21 сәуір  "Ғажайып наноәлем";
  • 23 сәуір "Заманауи ұсыныс" бестселлер жанрындағы кітаптар.

 Келіңіздер, көріңіздер, кіру тегін!