Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017litgostnayryz1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017litgostnayryz1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Көрікті Көктеммен бірге кітапханамызға Наурыз мерекесі де келіп жетті.

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр

Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!- деп аталмыш мейрамды кітапхана жанынан құрылған "Әдеби қонақжай" мен "Жыр-Жауһар" поэзия клубының мүшелері бірге атап өтті.  

Кеш екі тілде жүргізілді. Қазақтың ата дәстүріне сай шашу шашылғаннан кейін, мерекенің шымылдығы түріліп, көрігі қызды. "Әдеби қонақжай" клубының мүшелері В.А. Голобородько, К.Г. Семенюк, Ю.Д. Забара Наурыз мейрамына арналған құттықтауларын жыр шумақтарымен жеткізсе, "Жыр-Жауһар" поэзия клубының мүшелері Е.Нарынов, Б.Ерман да өлеңмен шашу шашты.

Бұдан кейін кезек қызықты сайыстарға берілді. Қос клубтың мүшелері слайдта көрсетілген қазақтың салт-дәстүрлерін таласа-тармаса атап, олардың мән-мағыналарын түсіндірді. Құйқылжыған құс, сылдырап аққан бұлақ, нөсерлете жауған жаңбырдың дауыстарын тыңдау арқылы, байлаулы көзбен аталған құбылыстардың суретін салуға бағытталған келесі сайыс та жиналған қауымды қызыққа бөлеп, көңілдерін көтерді. Жұмбақ жасыру, сұрақтарға жауап беру де кештің көрігін қыздыра түсті.

Сайыстың бір түрі – "бауырсақ", "наурыз", "көктем", "дастархан"  сөздерінен табан астында өлең шығару болған еді.

 "Жыр - жауһар" поэзия клубының  жас мүшесі Б.Ерман белсенділік танытып,

 "Жанымызға шуақ төгіп өткен күн,

Бүгін Наурыз, бауырсақтар төккен күн,

Қазы, қымыз, етке толған дастархан

Жайқалып тұр гүлдеріндей көктемнің"- деп өрнектесе, "Әдеби қонақжай"  клубының мүшесі К.Г. Семенюк

Нам пришел наурызхан,

И накрыл он дастархан

Баурсаком, куртом, чаем

Так весну мы все встречаем.деп  жыр кестелерін төкті.

Мерекеде ат шаптырып той жасайтын қазақтың ұлттық ойындары да назардан тыс қалған жоқ. "Жыр-Жауһарлық" Р.Қабидолдин, Е.Елеусізұлы, Н.Жексенбай, т.б. жас шайырлардың арасында болған дүбірлі додада Қ.Медеубаев құралайды көзге атқан дәлдігімен жеңіс туын көтерді. Қызықты тартыс халық биі "Қара жорғаға" ұласты.

"Ақ мол болсын!" деп тілек айтылар Ұлыстың ұлы күні жиналған көпшілік арнайы дайындалған дастарханнан дәм татып, бата-тілек айтты. Наурыз мейрамын осылайша тойлаған қос клубтың мүшелері бір-біріне алғыстарын жаудырып, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.

{gallery}/material/news/2017litgostnayryz1{/gallery}