Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_muluk_surtibaev is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_muluk_surtibaev is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

2017 жылдың 14 ақпан күні кітапханада "Театр өнерінің шоқ жұлдызы" атты КСР-ның халық әртісі Мүлік Сүртібаевтың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шығармашылық кеш өтті.

Кеш қонақтарыС. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты К.Н. Нарымбайұлы, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театр музейінің меңгерушісі Р.Б. Абдуләлиева, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағының мүшесі, "Орталық Қазақстан" облыстық қоғамдық-саяси газетінің бөлім меңгерушісі, жазушы, этнограф Төрехан Майбас. 80 жылдан артық ғұмырын театр сахнасына арнаған өнер иесінің мәнді де, мағыналы өмірі мен шығармашылығын туралы әсерлі, жан тебірентер жылы естеліктер айтты.

Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының жанынан құрылған Б. Киікбаев студиясының актерлері"Біздің сүйікті дәрігер" фильмінен үзінді қойылым көрсетті. Қойылымдағы Мүлік Сүртібаевтың бейнесін айнытпай сомдаған жас актер Наурызбай Есей өзінің актерлік талантымен кеш қонақтарын тамсандырды. Қойылым жетекшісі С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының актері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Бекмұхамед Киікбаев. Сонымен қатар, кітапханамыздың өнерлі де, дарынды қызметкерлерінің бірі Амангелді Ахметжанов әсерлі де әуезді ән шырқады.

{gallery}material/news/2017_muluk_surtibaev{/gallery}

Оқырман назарына Мүлік Сүртібаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы кітап көрмесі ұсынылды. Актердің сахнада жасаған бейнелерін көрген, актер өнерінің куәсі болған замандастарының ойы мен естеліктерінен сыр шертетін "Өмір. Театр. Кино" фильмінен үзінді көрсетілді. Оқырмандар атақты жерлестерінің сәулелі ғұмырымен кеңінен танысып, театр өнері туралы мол ақпарат алды.

"Қазақстан Қарағанды" темарнасының жаңалықтары