2018 жылдың 15 қаңтар күні Тәттімбет атындағы өнер колледжінде "Туған жер" бағдарламасы негізінде моральдық‑патриоттық тәрбиені дамыту=Развитие нравственно‑патриотического воспитания на основе прогарммы "Туған жер" атты ақпараттық сағат өткізілді.  Ұстаздарға танымдық бағытта өткізілетін бұл шара – Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауынан басталып, тақырыпқа байланысты ұстаздар қауымына кітапханамыздың қорындағы кітаптар мен мерзімід басылымдар таныстырылды. Сонымен қатар, жолдаудағы басты бағыттар талқыланып, оның ішінде "Адами капитал‑ жаңғыру негізі: Білім берудің жаңа сапасы" атты бөлімге басты назар аударылды.

Толығырақ...

Хабарландыру

"Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ жоғары немесе орта арнаулы, кітапханашылық, филологиялық, педагогикалық білім бар кітапханашыны қабылдайды. Еңбек өтіліне талап қойылмайды

Түйіндемені мына мекен-жайы бойынша жіберуге болады: 100000, Қарағанды қ., Ерубаев көшесі, 44

Телефон/факс: (8-721-2)-56-76-55

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Жақында ғана аяқ басқан Ит жылы қуанышты хабарларымен қуантуда. "Жыр-Жауһар" поэзия клубының белді мүшесі, "Шабыт" фестивалінің лауреаты, жалпыұлттық республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі, ақын Мирас Асан - ел тынысының жарқын жаршысы, еліміздегі басты басылымның бас редакциясына ауысты. Бұл жаңалық барша "Жыр-жауһарлықтар" үшін ғана емес, жалпы, Қарағанды жұртшылығы үшін де зор қуаныш екені сөзсіз!

Өз кезегінде кітапхана ұжымы Мирас Асанды жаңа қызметімен құттықтай отырып, кәсіби және шығармашылық табысқа жете беруіне тілектестігін білдіреді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауы 10 қаңтарында БАҚ беттерінде жарияланды.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін айтып қана қоймай, нақты 10 бағыт бойынша маңызды міндеттерді атап көрсетті. Биылғы Жолдаудың ерекшелігін қалың оқырманға жеткізу мақсатында оқу залдары бөлімінде арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...

Ұлт рухы мен уақыт бойына тұмар қып таққан сөз өнерін жаратушылар хақындағы түсініктерімізді тереңдетіп, ұрпақ, ұлт, уақыт жайлы әсерлеріміз бен толғамдарымызды байыта түсер біздің "Қарағанды өлкесінің әдеби атласы" өз оқырмандарын шақырады.

Қарағанды – қойнауы кенге, төскейі астық пен малға толы құтты қоныс қана емес, білімі мен ғылымы, мәдениеті мен руханияты дамыған, өнер қонған өрісті өңір, талай-талай таланттар туған тұғырлы мекен.

Сарыарқаны бойлай саяхаттаған көптеген ақын-жазушыларымыз біздің "шағын отанымыз" туралы поэтикалық жыр жолдары, жолай жазылған белгілер, қызықты естеліктер қалдырған. Ендеше, әдеби өмірдің атласымен таныс болыңыздар!