"Қарағанды облысының шежіресі" компакт-дискісі "Қарағанды облысының мәдени мұралары" 2005-2008 жылдарға Аймақтық бағдарламасына енген Н.В.Гоголь атындағы ОҒӘК-ның "Құжаттық мұраларды сақтау, қайта өңдеу және цифрлау Орталығын құру" жобасы бойынша алынған техникасының көмегімен 2006 жылы ұйымдастырылып шықты.

Назарларыңызға ұсынылып отырған "Қарағанды облысының шежіресі" атты CD-ROM – Қарағанды облысының 70 жылдығына арналған. CD-ROM-да Орталық Қазақстан өңірінің табиғаты және табиғи қорлары, халқы, тарихы, экономикасы, білім беру ісі, ғылымы және ғылыми мекемелері, денсаулық сақтау ісі, дене тәрбиесі, спорт және туризм, қала құрылысы мен архитектурасы, мәдениеті, өнері мен әдебиеті жөнінде толық мәтіндері берілген. "Қарағанды облысының шежіресі" бөлімдерінде осы аймақта болып өткен тарихи оқиғалар мен қазақ мемлекеттігіне қатысты тарихи тұлғаларға, аудандар мен қалалардың тарихына, ғалымдарға, арыстарға, мемлекет қайраткерлеріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, ғылым мен мәдениеттің, әдебиет пен өнердің танымал өкілдеріне жеке толық мәтіндер гиперсілтемелер арқылы көрсетілген және суреттермен безендірілген. Өлкенің тарихы мен табиғаты толық мәтіндер мен қоса аңыз-әңгімелер арқылы сипатталады. CD-ROM-да 200-ге жуық толық мәтіндер енгізілген, бұл мәтіндер 300-ге тарта суреттермен толықтырылған. Бұл CD-ROM көпшілік және мектеп кітапханаларына, мұғалімдерге, студенттерге, оқушыларға, өлкетанушыларға және Қарағанды өлкесін жетік зерттеп білгісі келетін оқырмандарға арналған.

"Менің сүйікті қалам - Қарағанды" CD-ROM
Туған өлке әркімнің өз үйінің табалдырығын аттап шыққанда табаны тиіп, қолымен ұстап, көзімен көріп жүрген жердің тарихы, географиясы, халқы, жеткен жетістіктері мен қиндылықтары болып табылады. Әрбір адам неғұрлым өзінің туған жерінің табиғатымен, тарихымен, мәдениетімен етене жақын жүріп, оларды зерттеп білуге құштар болса, олардың жан-дүниесі бай, көңіл-күйі сергек болады, әрі туған жердің, елдің қадір-қасиетін білген адам өзін оның перзенті санап, оған жауапкершілік сезіммен қарайды. Кеншілер астанасы – Қарағанды қаласы мәдениеті дамып, саяси өмірі қайнаған ірі өндіріс орталығы ретінде бүкіл әлемге танымал.

"Өткеніңді ұмытсаң, өшкеніңнің белгісі, Өткеніңді еске алсаң, өскеніңнің белгісі!" - деп халық даналығы айтқандай, шәкірттеріміз-жастарымыз әлем таныған қаламыздың көне тарихын, мәдениеті мен өнерін біліп өссе, күн санап қанат жайып, көркейіп келе жатқан әсем қаланың бүгінгісіне қуана білсе, келешегін ойымен барлай алса, "Менің Отаным", "Менің сүйікті қалам", "Менің Қарағандым", – деген асқақ ой, ыстық сезім жүректерінде ұяласа, нұр үстіне нұр болар еді.

Сондықтан ұсынылып отырған бағдарламада қаламыздың тарихы, архитектурасы, ғылымы, әдебиеті мен өнері, қаламызда орналасқан оқу орындары және тарихи тұлғалар туралы мағлұмат беріледі, сонымен бірге қаламызға арналып шығарылған әндер мен санаткерлік ойын ұсынылады. Әрбір бөлім патриоттық сезімге баулитын нақыл сөздермен аталып, жастардың бойында өзінің туған жеріне, атамекеніне сүйіспеншілікті қалыптастыруды көздейді. Бағдарлама оқушыларға, студенттерге, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, мұғалімдерге, өлкетанушыларға, кітапханашыларға және өз өлкеміздің тарихын білгісі келетін оқырмандарға арналған.

"Өлкетану көрсеткіштері CD-де"
2007 жылы барлық шығарылған құнды өлкетану көрсеткіштерін біріктіре отырып, іздестіру мүмкіндіктерімен қоса электронды көрсеткіш шығару мақсатында "Өлкетану көрсеткіштері CD-де" атты компакт-дискісін шығардық. Компакт-дискіге "Әдеби Қарағанды", "Өлке фольклоры", "Өлке топонимдері", "Кіші отанның білгірлері", "ОҒӘК өлкетану ресурстары - жастарға" сериясының басылымдары, жыл сайын шығатын "Өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы" және т.б. тақырыптардағы құнды библиографиялық көрсеткіштер мен анықтамалар енгізілген. "Өлкетану көрсеткіштері CD-де" атты компакт-дискісін электрондық түрде шығару библиографиялық басылымдардың ақпараттығын арта түсті. Өйткені, оқырман әрбір көрсеткіштердің соңында берілген "Пәндік атаулар көрсеткіші" арқылы қажетті ақпаратты тез арада табу мүмкіндігіне жетті.