01.01.2018 жылға кітапхана қоры  әртүрлі материалдық тасымалдағыштағы 429 942 дана құжатты құрады (жоспар бойынша 424000), оның ішінде мемлекеттік тілде 69133 дана (16%), орыс тілінде 351 764 дана, басқа тілдерде - 9045 дана.

  • Кітаптар – 401443 дана (93,3%)
  • Мерзімді басылымдар – 27097 дана (6,3%)
  • Электронды басылымдар - 1402 дана (0,3%)
  • Аудиовизуалды құжаттар -2400 (0,5%)

Есепті кезеңде 4363 құжат келіп түсті, оның ішінде мемелкеттік тілде – 1738 дана. Қазақстандық мазмұндағы жаңа түсімдер есеп беру жылында 72% құрады.

            Жалпы қорды жаңарту бойынша көрсеткіш 1%-ға жетті.

            Кітап қорын толықтырудың негізгі көзі:

  • Облыстық бюджет – 499,7 мың теңге
  • Мемлекеттік тапсырыс – 230,7 мың тенге
  • Сыйға тартқан кітаптар – 45,9 мың теңге
  • Диссертация авторефераттары – бағасыз.

Есепті жылы қорды толықтырудың негізгі көзі бюджеттік қаржыландыру болып табылды (жалпы түсімнің 46%-ы).  Толықтыру 2017 жылы ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сәйкес, облыстық бюджет қаражатынан, атап айтқанда веб-порталдағы баға ұсыныстарына байқау өткізу түрінде жүзеге асырылды.

Бюджеттік қаражатқа баға ұсыныстары әдісімен 4 997 600 теңге сомасына 1890 дана, оның ішінде 1 398 042 теңге көлемінде мемлекеттік тілдегі 370 дана әдебиет сатып алынды. Оның ішінде 2 253 488 теңгеге 575 данадағы әдебиеттер қазақстандық мазмұндағы, яғни қазақстандық баспалардың өнімі болып есептеледі.

Есепті жылы кітапхана қорын мемлекеттік тапсырыс бойынша әдебиетпен толықтыру өз жалғасын тапты. Жалпы түсімнің 23% құраған, 2 307 078,47 теңге көлемінде 956 дана әдебиет, оның ішінде 864 дана (2 052 767,63 теңге) мемлекеттік тілде.

Мемлекеттік тапсырыс негізінде ктапхана қоры мынадай кітаптармен толықтырылды, мысалға:

  • Бейсенбайұлы, Ж.  Ұлы Даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері : [ғылыми зерттеу];
  • Бельгер, Г.Избранное : [рассказ, эссе];
  • Бөкейхан, Ә. Шығармалары  = Сочинения;
  • Жамбыл Жабаев : фотоальбом;
  • Зергерлік өнер әлемі  = Мир ювелирного искусства = THE WORLD OF JEWELRY : [фотоальбом];
  • Қазақстан = Казахстан = Kazakhstan : фотоальбом;
  • Қазақстан халқының өнері  = Искусство народа Казахстана = Art of the people of Kazakhstan : [фотокнига];
  • Мәңгілік Ел - Қазақстан = Вечная Страна - Казахстан = Kazakhstan - Eternal Country : [фотоальбом];
  • Президент-2016. Большая политика = President of Kazakhstan. Grand Politics in 2016. : фотоальбом / сост. А. Үкібай;
  • -Ұлы Дала елі = Страна Великой степи = A Countru of the great steppe : қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, мерекелері, тағамдары;

Қарағандылық авторлардың кітаптары Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігі «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы  «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарыққа шығарылды.

  • Амантай, Д.  Борхестің кітабы : өлеңдер, эсселер, философия, кинематография, TV-interuiew, әдебиеттану, сұқбаттар, қосымшалар, рецензиялар, Facebook, Instagram, пьесалар;  
  • Артықбаев, Ж.Қаз дауысты Қазыбек би [Мәтін]. 2 т.;
  • Жүністегі, К. Көгілдір күмбез : хикаяттар, әңгімелер, ой иірімдері;
  • ҚаздауыстыҚазыбек би : [жинақ]. 1 т. / құраст. М. Хамзин [т. б.];
  • Сейдімбек, А. Шығармалары : [хикаят, әңгіме].

Кітапханаға қайтарымсыз негізде (сыйға) тапсырылған кейбір басылымдардың тізімі:

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы:

  • Балқаш қаласының жылнамасы = Летопись города Балхаш / құраст. А. Б. Исабекова;
  • Бөкейханов, С. Р. Өткен күнде белгі бар : [мемуарлар жинағы] = Нельзя о прошлом позабыть : [мемуары];
  • Қала келбеті = Портрет города = City portrait : [фотоальбом] : Балқаш 80 жыл;

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны:

  • Қарқаралы ескерткіштері [Мәтін] = Древности Каркаралы = Monument of Karkaraly : кітап-альбом / құраст.: А. З. Бейсенов, Т. С. Тулеуов, В. Т. Тусупбекова.

Управление по развитию языков Карагандинской области:

  • Ұлттық руханият және Қаздауысты Қазыбек би мұрасы.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті (8 атаудан тұратын топтама)

  • Бейсенбекова Н.А., Смағұлова Г.М., Шотбакова Л.К. Әлихан Бөкейхан – ұлт мақтанышы;
  • Вклад женщин Центрального Казахстана в развитие региона (30-90 годы XX века) /Б.Т.Тулеуова, Л.К.Шотбакова, Г.М.Смагулова, Ж.Ж.Турсынова.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) 3 түрлі атаудағы басылымдарды тапсырды

  • - Современное состояние рынка труда в Казахстане: ғылыми басылым;
  • - Центральная Азия в условиях глобальной трансформации : Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ XV Жыл сайынғы конференцияның материалдары.