2017 жылдың шілдесінен бастап кітапханада "ЭКСПО-2017: бізбен бірге саяхаттаңыз!" атты жаңа жоба іске қосылды. Бірінші бөлімінде  әр түрлі ресми мәліметтерді, Қазақстанның ЭКСПО-2017-ге дайындығы мен Халықаралық көрмелердің тарихы жайлы мәліметтерді ұсынған  жаңа жоба – ең алдымен, ресми көзқараспен қатар, қарапайым адамдардың ойлары мен пікірлері, былайша айтқанда "Тірі журнал". Біз әр адамның алған әсерінен құралған өрнекті ойдың біртұтас ғажайып суретке айналып, санамызда сан жылдар бойы сақталатынына сенімдіміз. Өйткені, ЭКСПО-2017- тек болашақ энергиясы ғана емес, бұл - әр адамның аяғы баса бермейтін, төрткүл дүниенің төрт бұрышындағы елдермен танысу, таңданыс пен ерекше күйге бөлейтін кездесулер мен аз уақыттың ішінде болашақ қаласын құрған еліміздің жетістігіне деген мақтаныш.

Толығырақ...

2017 жылы 10 маусым күні әлем назарын Астанаға аударған ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтуде. Көрмеге дүниежүзінің 100-ден астам мемлекеті мен 20-дан астам  халықаралық ұйымы қатысып отыр.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме аумағындағы әр мемлекет павильондары туралы «Егемен Қазақстан» жалпыұлттық республикалық газет беттерінде жарияланған төменде келтірілген мақалалардан таныс бола аласыздар.

Толығырақ...

Биылғы жаз, яғни 30 маусым менің  көпке дейін есімде қалатын шығар. Неге десеңіздер, күнің ыстығына қарамастан Елордамызда өтіп жатқан  ЭКСПО көрмесінде болдым. Ата бабаларымыз "Өзінді өзің сыйла, жат жанынантүңілсің" демекші, сапарымды Қазақстанның көрмесінен бастадым. "Нұрлы әлем" көрмесінің бас тақырыбы — "Болашақ қуаты". Жасыл технологияларды дамыту, балама қуат көздерін табу мәселесі өзекті боп тұрған заманда 2017 жылғы көрме талай бастаманы іске асыру кілтіне айналатынына көзім жетті. Сол күні бізбен Мадагаскар елінен келген қонақтар болды.  8 қабаттан бастап1 қабатқа дейін  мұқият тыңдап, көріп, түсінбеген жерлерін сұрап, жақсы көңіл-күймен шықтық.Айтайын дегенім, осы көрмеге қойылған технологиялар тез арада  іске асып кетсе, біздің еліміздің болашағы бүгінгіден де зор болмақ - деп айта аламын. Ол үшін бәріміз өзгеріп,  елімізге, жерімізге жанашырлықпен қарап, аялап, қорғап, дамытып өзімізше, үлес қосуымыз керек.

Толығырақ...

Халқымызда "Көп естігеннен бір көрген артық" деген қанатты сөз бар.  Қазіргі жағдайда елімізге қарайтын болсақ, Астана бас қаламыз үлкен сірпіліс жасағанын бірден көреміз. Бұл қалаға 30 маусым күні  дүние жүзінің назарында тұрған   ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне біз де ат басын бұрдық. Әлемдік деңгейдегі ірі қадамы барша қонақтарды таңғалдыруда. Бізді де! Ең бірінші шет елдің павильондарынан бастадық. Бірақ өз еліміздің павильонымыздан  аралауға кеңес беремін. Өйткені 8 қабатты "Нұр әлемді" соңында аралуға уақыт жетпеуі мүмкін әрі шаршайсыз.  Ал енді, шетелдің әр павильонына келсем бір-біріне ұқсамайтын, ұмытылмас әсер қалдырады. Маған ұнаған павильондардың бірі - Малайзия елі. Онда дәсүрімен бірге, жасыл орман тіршілігін 3D көзілдірігімен ормандағы тіршілік ететін жәндіктерді көре алдық. Қорқынышты әрі қызық болды. Және де бір үлкен қабырғаны алып тұрған шырмауық гүлдері бар  өсімдік қызықтырды. Тірі өсімдік. Жаслы қабырға! Энергия қуатын өсімдіктен алу көзі. Ресейдің көрмесі өзінің орнатылған алып мұзтауымен бірге мұзжарғышымен таңғалдырды. Латвия, Польша, Германия, Корея, Ресей, Әзірбайжан тағы басқа көрменің арқасында, әлемдік көрменің мұрасымен шабыттанып, біраз энергия саласында тәжірибе жинауға болады. Өкінішке орай концерттік бағдарламаларды көріп үлгермедім.

Толығырақ...