Қазіргі күні Қазақстан Республикасында 3G, 4G технологиялары енгізілуде.

Технология 3G – үшінші буындағы мобильді байланыс. Оның басты артықшылығы – деректерді берудегі жоғары жылдамдық, Интернет желісіне қолжетімдік. 3G үшінші буын желісі бейне байланысты ұйымдастыруға, мобильді телефонда ағынды бейнелерді және т.б. көруге мүмкіндік береді.

Технология 4G (LTE) (Long Term Evolution) – 300 Мбит/с дейін (базалық стансадан пайдаланушыға дейін) және 75 Мбит/с дейінгі (пайдаланушыдан базалық стансаға дейін) жылдамдықпен деректердің пакетті берілімі үшін оңтайландырылған мобильді байланыстың жоғары жылдамдықты жүйелерін құру мүмкіндігін қамтамасыз ететін деректер берілімінің мобильді хаттамасы.

4G технологиялары қолжетімді қызметтердің Интернет желісіне енуін нығайтуға мүмкіндік береді, оның ішінде ілескен қызметтер (мобильді теледидар, сұраныс бойынша бейне және т.б.) спектрін кеңейту, сапа деңгейін арттыру және тарифтерді төмендету;

2012 жылдан бастап телекоммуникация желілерінде желінің төртінші буынының (4G стандарты) құрылысы бойынша жоба жүзеге асырыла басталды;

3G мен 4Gайырмашылығын түсіну үшін, назарға алынуы тиіс кейбір сәттерді зерттеу керек. "Сравнение технологий мобильной связи: 4G и3G"оқып, танысыңыздар.