Үйірме жетекшісі – Скокова Мария Игнатьевна
"Жас өлкетанушы" үйірмесінің активтері:
  • Богриенко Ксения Сергеевна
  • Есимжанов Данир Адильевич
  • Зекенов Нариман
  • Юрина Полина Алексеевна

Скокова Мария Игнатьевна - № 38 гимназияның орыс тілі және әдебиеті мұғалімі, Қазақстан Республикасының білім қызметкерлерінің алтын қорын ұсынушы.

Мария Игнатьевна білім жүйесінде 31 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қызмет еткен жылдары аралығында өзі сабақ беретін психология, Ресей тарихы мен өнер тарихы пәндері бойынша білімін көрсете білді. Кең ой-өрісі арқылы Мария Игнатьевна әріптестері мен оқушылары үшін қызықты, әңгімешіл адам. Орыс тілі мен әдебиет пәндерін ерекше қиындығымен бірге өте қызықты түрде өткізеді. Классикалық және инновациялы технологияларды орынды қолдана отырып, тамаша нәтижелер көрсетеді: Мария Игнатьевнаның оқушылары ҰБТ-ны "үштіксіз" тапсырып, жақсы көрсеткішке ие болады, әртүрлі деңгейде өткізілетін олимпиадалардың жүлдегерлері. Мария Игнатьевнаның жетістігі – өзінің қызмет атқарған уақытында оқушылар филология мамандығын таңдауы. Осының бәрі ұстаздың зор еңбегінің арқасы.

Баса назар аударуға тұрарлық тағы бір жайт - әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс өткізілетін жұмыстар. Бұл жұмыстарды Мария Игнатьевнаның әріптестері гимназиядағы және одан да тыс жерлерде өз жұмыстарына енгізуде. Бұл жұмыс түрі оқушылардың тек кітап оқуға деген қызығушылығын ғана оятып қоймай сонымен қатар, оқушыларының шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік береді. Осы саладағы еңбек өтілі бойынша 2009 жылы желтоқсан айында Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де өткен "Инновационные технологии в преподавании русского языка и литературы" ғылыми-әдістемелі семинарында шеберлік-класын өткізді.

Ол пән бойынша терең, жоғары деңгейлі білімін, сабақ беру әдіс-тәсілдері, оны тәжирибеде қолдана алатындығын көрсете біледі. Өзінің еңбек өтілі мен терең білімі арқылы оқушылардың әртүрлі ойлау деңгейін дамытатын нақты және терең білімді, сонымен қатар функционалды әдеби сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мария Игнатьевна пән бойынша өткізілетін сыныптан тыс жұмыстарға баса назар аударады.Әдебиет бойынша өткізілетін ойын түрлері терең және бағдарламалық білімін қалыптастырып қоймай сонымен қатар, гимназия оқушыларының рухани-адамгершілік тәрбие береді, шығармашылық қабілетін дамытады. Ұстаздың осы тәжірибесі жарияланған мақалаларда, әдістемелік ұсыныстарда көрініс тапты. Мария Игнатьевна сынып жетекші ретінде ұжымды біріктіріп, мейірімділік пен қатаңдық, табандылық арқылы балаларға деген сүйіспеншілікті орынды қолдана біледі.

М.И. Скокова - Қарағанды облысы әкімінің "Орыс тілі және әдебиет пәнінің Үздік оқытушысы" номинациясының лауреаты. "ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері" атағы берілген.