Н.В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК 2017 жылы өткізілген ақпараттық-насихат және мәдени-көпшілік шаралары жылдың басты оқиғаларына арналды: 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі, Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығы т.б.

Аталған бағыттар бойынша жұмыстарды үйлестіру мақсатында тақырыптық жоспарлар мен ұсыныстар жасалды.

2017 жылы кітапхана жұмысының бағыттары алғашқы кезекте:

  • Жылдың басты оқиғасын ақпараттық және кітапханалық сүйемелдеу үшін кітапхананың ақпараттық-ресурсті базасын қалыптастыру;
  • Ақпараттық-кітапханалық ресурсқа, ақпаратқа және білімге еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
  • Басты оқиғалар мен жыл мерейтойы бойынша шараларды жариялау арқылы кітапхана веб-сайтын қолдау және дамыту.

Толығырақ...