Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2001 жылдан бері  Ақпараттық-сервистік қызмет көрсету секторы жұмыс істейді. Сектордың негізгі міндеттері:

  • Интернет желісі ресурстарын еркін пайдалануға мүмкіндік береді;
  • Қажет ақпараттарды іздеуге және оны сақтауға көмектеседі;
  • Оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету мақсатында, олардың сұраныстарын зерттейді.

Интернет ресурстарын зерттеу жұмысын (электрондық кітапханалар, қазақстандық және шетелдік мерзімді басылымдарының толық мәтіні), толық мәтінді құжаттармен қыстырылған библиографиялық деректерден тұратын «Онлайн-коллекция» ДБ (деректер базасын) құруды жүзеге асырады.

Пайдаланушыларға 526 мб/сек жылдамдықта жұмыс істейтін 6 компьютер қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, электрондық поштамен жұмыс істеуге, тақырыптық негіздегі ақпараттарды Интернеттен іздеу және құжаттарды көшіріп алу, сканерден өткізу, мәтінді басып шығару, электрондық басылымдарды көруге болады. Ақпараттық-сервистік қызмет көрсету секторының желісі, сондай-ақ. электрондық пошта (e-mail) және WORD мәтіні негізгі жұмыстарын үйрету мақсатында тегін компьютерлік курстар тренингін өткізеді.

Сектор басшысы: Ирина Алексеевна Ельцова

Бөлiм тарихы

Дереккөз: Қарағандыдағы алғашқы кітапхана. 1934-2009

1996 жылы Сорос-Қазақстан Қорының «Интернет және электронды пошта» Грантын жеңіп алғаннан кейін 1998 жылдан бастап кітапхана оқырмандарға Интернет және электронды пошта қызметін көрсете бастады. Алғашкада жұмыс көлемі айтарлықтай көлемді емес, біріншіден қызмет көрсететін компьютерлер саны аз, екіншіден Интернет ресурстары оқырмандар үшін, кітапханашылар үшін де жаңа жұмыс болатын. Алайда прогресс қарқынды болды. Интернет ресурстары мен электронды пошта көмегіне алғашқы болып көңіл аударған, оның ауқымды желісінің артықшылығын түсінген Химия-металлургия институтының ғылыми қызметкерлері, кәсіпкерлер, ЖОО оқытушылары мен студенттер болды. Жаңа технология кітапхана өмірімен тығыз байланысты болды, енді оны белсенді түрде жүзеге асыру қажет еді. 2000 жылы автоматтандыру бөлімі тікелей Ж.К.Шаймұханбетованың қатысуымен Интернет-класс жобасын жасады. Облыстық бюджеттің қолдауымен ол жүзеге асырылды. 2001 жылы 3 компьютер, лазерлі принтер және планшетті сканерден тұратын Интернет-класс жабдықталды. Модемдік байланыс «Қазақтелеком» ААҚ арқылы 56 Кбит/сек жылдамдықта жүргізілді.

Интернет-класс қызметінің мақсаты – ғаламдық желілердің ақпараттық мүмкіндігін дәріптеу, сонымен қатар білім мен мәдениет туралы ой бөлісіп қарым-қатынас құралы ретінде интернетті пайдаланушылар қатарын көбейту. Интернет-класс пайдаланушылар үшін әр қилы салаларда интернет технологияны қолдану туралы ауқымды оқу-әдістемелік қызмет ұйымдастырды.

Жаңа интернет технологияны меңгеру және кітапхананың іс-тәжірибесіне енгізу жұмысы кітапханашыларды жаппай оқытуды қажет етті. Кітапхана қызметкерлері А.А.Болдыш, А.О.Қасыбаева, Д.Т.Мамраева, Д.Қарғабаева Жазғы Интернет-мектепте оқыды (2001-2002 ж.ж. ШҚ ОК базасында). Пак В.И. «Ақпараттық менеджмент және Интернет» семинар-тренингіне қатысып (Алматы, 2001 ж.) кітапхана қызметкерлері үшін Интернеттің ақпараттық сервистері туралы сабақ өткізді.

2002 жылы кітапхана Интернетке 128 Кбит/сек жылдамдықпен ADSL технологиясы негізінде шығу мүмкіндігін алды.

Интернет-ресурстарын дамытып сервисті кең көлемде пайдалануға 2003 жылы ашылған Интернетке қатынау Орталығының «Интернетке қатынау және оқыту» IATP бағдарламасының аясында мүмкін болды.

Интернет Орталығында әртүрлі топтағы пайдаланушылар үшін курстар мен тренингтер өткізілді. 2003 жылы алғаш рет Жазғы Интернет-лагерь өткізілді, онда облыстың 21 кітапханашысы оқыды. IREX Интернет Орталығы әрбір пайдаланушыға Интернетке тегін қатынауға мүмкіндік берді.Орталықтың қызметін әлеуметтік нашар қорғалған топтағылар: уақытша жұмыс істемейтіндер, зейнеткерлер мен үй шаруашылығыңдағылар, т.б. пайдаланды. Орталық жұмыс жасаған уақытта кітапханашылар, педагогтар мен дәрігерлер, ЖОО оқытушылары, шығармашылық қызметкерлер оқыды. 2004 жылдың аяғына сала Қазақстандағы IATP бағдарламасы бірте-бірте өз жұмыс бағдарын өзгерте бастады, осыған байланысты 2005 жылдың аяғына қарай өз бетінше білім беретін жұмысын тоқтатты. Орталықта құрылымдық өзгерістер болды: IREX бағдарламасының әкімшілік жұмысымен халықаралық кітаптар бөлімі шұғылданады, ал пайдаланушыларға қызмет көрсету жұмысы 2003 жылы құрылған Интернет секторының қарауына ауысты.

Интернет сектордың қазіргі жұмыс бағыты:

  • Интернетке қатынауды қамтамасыз ету;
  • Интернетті пайдаланушылар программаларын үйретуді ұйымдастыру;
  • Ақпараттық сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында оқырмандар сұранысын зерделеу;
  • Кітапхана сайтын ақпараттық қолдау.

Пайдаланушыларға 6 компьютерден 512 Кбит/сек жылдамдықпен Интернетке қатынау мүмкіндігі беріледі.

Интернет секторы үлкен көлемде ақпараттық және сервистік қызмет көрсетеді. Секторда ғаламдық желіге қатынауға болады, ақпаратты іздеу туралы кеңес алуға, Интернетте ақпарат іздеу, оқу курсын жекелей немесе топпен өтуге, CD  және DVD дискілерін көруге болады. Бүгінгі күнде сектордың басты міндеттерінің бірі Қазақстан электронды кітапханасының (ҚазЭК) ресурстарын пайдалануға оқырмандарды баулып, оларға қызмет көрсету.

Интернет секторы мамандықты жетілдіру жүйесіне белсене қатысатын бөлімдердің бірі. Сектор қызметкерлері жыл сайын практикалық жұмыстар ұйымдастырып, тренингтер, курстар өткізеді, «FineReader 7.0» программасында сканерлеу негізі туралы, MS PowerPoint программасында презентациялар ресімдеу және MS Pablisher программасымен баспа өнімдерін шығару туралы жеке сабақтар ұйымдастырады.

Интернет сектордың қызметкерлері: меңгерушісі Т.В.Воропаева, кітапханашы В.Я.Купцова және жас маман Найн Евгений. В.Я.Купцова кітапхананың тәжірибелі байырғы қызметкерлерінің бірі, резервті-ауыстыру қорында бас кітапханашы болған, қазіргі уақытта баспа өнімдерін ресімдеу ісінің шебер-маманы. Кітапханадағы бірде-бір іс-шара В.Я.Купцованың қатысуынсыз өтпейді. Ол жарнамалық буклеттер мен шақыру билеттерін шығару, кітапқа бет белгі, баннерлер жасау, т.б. жұмыстарда әріптестерінің шығармашылық ойларын көркемдеп, безендіріп аяғына жеткізеді.