Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі - бұл 2000 аса анықтамалық және библиографиялық басылымдардан құралған құнды құжаттар қоры бар кітапхананың анықтамалық және кеңес  беретін орталығы.

Оның ішінде:

  • Кітаптар
  • Энциклопедиялар
  • Сөздіктер
  • Анықтамалар
  • Атластар
  • Статистикалық жинақтар
  • Әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіштері
  • Белгілі, есте сақтайтын күндер тізбесі
  • "ҚР Заңнамасы " электронды ДБ
  • "Параграф" ақпараттық жүйесі
  • РФ барлық заңнамалары электрондық түрде
  • Мақалалардың электронды картотекасы қазақ және орыс тілдерінде

Бөлім ұсынады:

  1. Дипломдық, диссертациялық және курстық жұмыстарға тақырыптық және библиографиялық тізімдер
  2. Ғылыми жұмыстардың библиографиялық бөлімдерін редакциялау
  3. Құжаттарды электрондық жеткізу
  4. Қазақстан және Ресей мерзімді басылымдары бойынша жедел ақпарат
  5. Ұмытылмас оқиғалар, деректер туралы анықтамалар
  6. Терминдер, таныс емес сөздер немесе кейбір сөздердің мағынасы туралы анықтамалар
  7. Виртуалды анықтама
  8. Нақты тақырып бойынша мамандарды библиографиялық ақпараттандыру
  9. ДБ және Электрондық каталог бойынша әдебиеттерді іздеу CD-ROM-ға көшіру
  10. Басып шығару

Біздің  басылымдар

  • Қазақстанның еске алып, атап өтілетін күндер тізбесі
  • Шет елдердің әдеби тарихи күндері
  • Әдебиеттер тізімі және библиографиялық көрсеткіштер
  • Библиографиялық жаднамалар
  • Дайджестер
  • Буклеттер
  • Бетбелгі

Каталог залы

Кеңтүрдегі каталог және картотека жүйесі ,құрам мен қор мазмұнын ашады және кітапхананың түрлі, көпқапталды сұраныстарын жауап беруге көмектеседі.Қолдануға 8 компьютер орнатылған.

Оқырмандар қолданысына:

  • Алфавитті каталог (карточка түрінде)
  • Жүйелі каталог (карточка түрінде)
  • Электронды каталог (шамамен 190 библиографиялық жазба)
  • Кітапхана алған, мерзімді басылым картотекасы
  • Қарағанды кітапханасының мерзімді басылым картотекасы.

Бөлім басшысы: Иссык Ирина Сергеевна

Телефон: 7 (7212) 56-74-64

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Бөлiм тарихы

Дереккөз: Қарағандыдағы алғашқы кітапхана. 1934-2009

Кітапхана құрылымына 1958 жылы енгізілген анықтамалық-библиографиялық бөлім өз жұмысын тыңнан бастады. Кітапхана штатында библиограф 1950 жылдан бар, сондықтан бұл жұмысты оқу залы мен әдістемелік кабинетінің қызметкерлері атқарған. Жаңадан анықтамалық-библиографиялық бөлімнің ашылуы  бұл жұмысты жаңадан жетілдіруге мүмкіндік берді. Толық бағалы анықтамалық ақпарат ұйымдастырылды: газет-журналдар мақалаларының жалпы картотекасы, өлкетану картотекасы, тақырыптық және жұмыс бабындағы картотекалар. Энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар, библиографиялық құралдар осы бөлімде жинақталды. Библиографиялық ұсыныстар жүйесін қалыптастыру, халық шаруашылығы мамандарына ақпараттық қызмет көрсету жұмыстары басталды. Штатқа жас маман қосылды – Семей кітапханашылар техникумын бітіріп Әбдірахманова Қаныш Қуандыққызы (1955 ж.) келді (кейіннен облыстық балалар кітапханасының директоры), және тәжірибелі библиограф, Харьков кітапханашылар институтының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Моисей Маркович Фельдштейн келді.

60-шы жылдардың басында ақпаратқа деген сұраныс арта түсті. 1961 ж. 23-25 қаңтар күндері Мәскеуде анықтамалық-библиографиялық жұмыс туралы өткен Бүкілодақтық Кеңес бұл жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдарын көрсетті, АБЖ үйлестіру жүйесін бекітті. Кеңестің ұсынысына сәйкес бөлімнің алдына анықтамалық-библиографиялық аппаратты ұйымдастыру туралы үлкен міндет жүктелді, оның ішінде өлкетану туралы, оқырмандарға анықтамалық және ақпараттық қызмет көрсетудің ағымдағы ақпарат жүйесін құру міндеттелді. Барлық саяси науқандарға, ірі тарихи даталарға әдебиеттер тізімі жасалды, ауызша және жазбаша анықтамалар, оқу жоспарына арналған тізімдер, кітап көрмелері ұйымдастырылды. Осы тізімдер мен құралдар облыстағы көпшілік кітапханаларына жіберілді. Газет-журналдардағы мақалалар картотекасын ұйымдастыру бас библиограф М.М.Фельдштейнге тапсырылды. Кейіннен бас библиограф болыпА.А.Баландина істеді. Ол өлкетану туралы библиографиялық ұсыныстың ұйымдастырушысы болды.А.А.Баландина "Қарағанды облысының өткені мен бүгіні" (1961) ұсыныстық көрсеткішті құрастырушы. Бұл жұмсыты кейіннен Қ.Қ.Әбдірахманова жалғастырды. Ол "Қарағанды облысындағы Совет Одағының Батырлары", "Ленин комсомолының даңқты жолы" сериясымен библиографиялық көрсеткіш даярлады.

60-шы жылдардың ортасынан 70-ші жылдардың басына дейін бас библиографтар болып Ленинград, Минск, Шымкент мәдениет институттарының түлектері істеді. Олардың арасында библиографиялық қызмет тарихында із қалдырғандар бар. 1964-1966 ж.ж бас библиограф болып Н.М.Палилова істеді. 1966 жылы жас маман Инна Степановна Швецова келді, ол 1969 ж. бөлім меңгерушілігіне тағайындалды. И.С.Швецова кітапханалық-библиографиялық білімді көпшілік арасында белсене насихаттады. Газетте оның библиографиялық материалдары жарияланып тұрды. "Қарағанды облысы туралы атаулы даталар күнтізбесін" алғаш құрастырған И.С.Швецова болды (1971).

1971 жылы Белинский атындағы Свердлов облыстық кітапханасынан келген тәжірибелі маман Лидия Ивановна Суворова бас библиограф болды. Ол ағымдағы библиография жүйесін жолға қойды. "Қарағанды облысы туралы жаңа әдебиеттер", "Жаңа қоғамдық-саяси әдебиеттер" бюллетендері тоқсан сайын шығып тұрды. Бұл жұмыс 1990 ж. тоқтады.

Калинина Тамара Владимировна 1977 жылы бөлім меңгерушілігіне келді. Оның кезінде облыс бойынша ақпараттық қызмет көрсету қарқынды дамыды. Ол Қарағанды облысы халық шаруашылығы мамандарына ақпараттық қызмет көрсетуді үйлестіру жоспарын жасады. Бұл жұмысты ОҒТК, "Қарағандыкөмір" бірлестігінің ОҒТК және ЖОО кітапханаларымен бірлесіп жүргізді. Бөлімдердің жұмысын үйлестіру жұмысы Н.В.Гоголь атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының анықтамалық-библиографиялық жұмыстарын үйлестіру туралы Ережесімен нығайтылды. Ережеде анықтамалық-библиографиялық аппаратты дамыту, ақпаратты пайдаланушы абоненттер қатарын өсіру бағыттары қарастырылған. Осыған орай мамандармен жұмысты бағыттап отыратын ұйымдармен (Техника үйі, ВОИР, ҚКП обкомы, саяси ағарту Үйі) екі жақты тығыз байланыс орнатылды. Сонымен қатар кітапхана базасында тоқсан сайын үгітшілер мен пропагандистер үшін атеистер Күні өткізіліп тұрды. Т.В.Калинина Қазақстан Компартиясы қалалық комитетінің атеизм туралы Әдіскерлік кеңесінің құрамында болды.

Бөлімде кәсіби білімді мамандар ұжымы қалыптасты. Олар: Р.И.Тлегенова, Г.П.Долженко, В.И.Пак, О.Ф.Кузовкова, Р.Ә.Хаирова, Ф.Х.Тимершина, Ш.С.Баймұрзиналар.

1981 жылдың наурыз айынан бастап бөлім меңгерушісі болып В.И.Пак тағайындалды. Оның басшылығымен "Қарағанды облысы" өлкетану картотекасы Өлкетану картотекасы  үшін жаңа классификациялық таблицаға  ауыстырылды (Алматы, 1977), және кітапхананың жалпы анықтамалық-библиографиялық аппараты анықтамалық-библиографиялық классификациялаудың жаңа таблицасына ауыстырылды. Жаңа құжаттар әзірленді: каталогтар мен картотекалар жүйесі туралы Ереже, ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету туралы Ереже, кітапханада АБА (СБА) жүргізу туралы нұсқау т.б.

Бөлім кітапхананың басқа да құрылымдық бөлімшелерімен тығыз байланыста жұмыс істейді, әсіресе мәдениет және өнер туралы ақпарат секторымен, және ИРИ режімі бойынша облыстық атқару комитетіне ақпарат беріп тұрды. В.И.Пак саяси-ағарту Үйі ұйымдастырған барлық семинарлар мен конференцияларға (оның ішінде жылжымалы) қатысып тұрды. Насихатшыларға ақпараттық қызмет көрсету жұмысын үйлестіру тәжірибесін А.С.Пушкин атындағы республикалық кітапханасы жинақтап шығарды.

Библиографтар жұмыстарының тағы бір бағыты – әдістемелік қызмет. В.И.Пак-тың тікелей қатысуымен облыстағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі библиографтардың мамандығын жетілдіру жүйесі құрылды. 70-80 жылдары бөлім қызметкерлері облыстағы барлық кітапханаларды орталықтандыру кезінде ақпараттық-библиогграфиялық қызметті ұйымдастыруда практикалық және әдістемелік көмектер көрсетті.

Бөлім Ульяновск, Қарқаралы, Осакаров ОКЖ озық тәжірибе мектебін ұйымдастырды. Көпшілікке библиографиялық қызмет көрсетуге арналған облыстық, аймақтық семинарлар, машықтану, іскерлік ойындар, мамандықты жетілдіру курстары ұйымдастырылып өткізілді. Бөлім қызметкерлері бүгінгі күні де облыс кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету жүйесіне белсене ат салысады.

Бөлім облыстық кітапқұмарлар қоғамымен бірлесіп оқу мәдениеті университетін ұйымдастырды, ол екі жыл бойы (1981-1983 ж.ж.) облыстық радиотелеорталығының базасында жұмыс істеді.

Анықтамаларды орындау библиографиялық бөлім жұмысының алғашқы құрылған уақытынан бастап-ақ негізгі бағыты болып есептеледі. Бұл жұмыс бөлімнің анықтамалық-библиографиялық қоры негізінде жүргізіледі.

Кітапханада мамандандырылған бөлімдерге қосымша қордың ұйымдастырылуына қарамастан библиографиялық бөлімнің қорын құруға әрқашанда басым көңіл бөлініп отырады. АБА-тың құрамдас бөлігі –библиографиялық картотека, оның ішінде өлкетану.

Бөлімде өзінің мақсаты мен міндетіне сәйкес Н.В.Гоголь атындағы ОҒӘК-ның каталогтар мен картотекалар жүйесі туралы Ереже жасалды.

Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету библиографиялық басылымдардың тапшылығы жағдайында жүргізілді, сондықтан да библиографтар көптеген тақырыптық картотекалар құруға мәжбүр болды. Олар уақытша (саяси науқан, атаулы күндер) және тұрақты болып құрылды. Әр жылдары әр түрлі картотекалар ұйымдастырылды: "Көркем шығармалардың тақырыптары" (1965), "Көркем шығармалардың тақырыптық картотекасы" (1971), "Поэзия тақырыптық картотекасы" т.б.

АБА құрамында картотекалар жүйесі бірте-бірте өзінің шырқау биігіне 80-шы жылдардың ортасында жетті. Осы кезеңде библиографтар жұмыс уақытының белгілі бөлігі карточкаларды орналастыруға, мерзімді басылымдарды жазуға және АБА редакциялауға жұмсалды. Алайда 80-ші жылдардың соңында Бүкілодақтық Кітап Палатасынан карточкалардың келуі саябырлағандықтан карточкаларды орналастыру жұмысының қарқыны төмендеді. Сондықтан да мерзімді басылымдарды қолмен жазуға баса мән берілді. Мысалы: 1991 жылдың қорытындысы бойынша 3 қызметкер 10 мыңға жуық библиографиялық карточка-тізімдеме толтырған.

80-ші жылдары бөлімде баспалық жұмыс жақсы жолға қойылды. Осы жылдары "Қарағанды облысы туралы не оқу керек", "Қарағанды: 1934-1984", "Қарағанды көркем әдебиетте және публицистикада" маңызды ұсыныстық көрсеткіштері; "Қарағанды қаласының кітапханалары", "Қарағандының құрметті азаматтары", "Олардың атында Қарағанды көшелері" анықтамалықтар шығарылды. "Қарағанды көмір" бірлестігінің ғылыми-техникалық ақпарат бөлімімен бірлесіп "Шахтерлер – Социалистік Еңбек Ерлері" топтамасын шығарды.

90-шы жылдары уақыт талабына сай библиографиялық қызмет қайта қаралды. 1998 жылы ақпараттық-библиографиялық бөлім болып өзгертілді. Іскерлік ақпараттарды оқырмандардың мақсатты түрде іздеулеріне жағдай жасап бөлім "Қазақстан экономикасы" библиографиялық деректер базасын жасады. Заңнамалық және нормативтік құжаттарды іздеу базасын құруға ерекше назар аударылады. Экономика және кәсіпкерлік туралы бас басқармасына ақпараттық қызмет көрсетіледі. Ерекше қиын анықтамалар ақылы түрде орындалады. 1998 жылдан бастап сұраныстарды орындауда алғаш рет Интернет ресурстары, ал, 1999 жылдан бастап электронды каталог және анықтамалық құқықтық "Заң" жүйесі пайдаланылады. 2000 жылдан бастап бөлім "Мақалалар" электронды каталогын жасауды бастады. Әдістемелік база құруда үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. 2001 жылдың аяғында каталогтар залында ЭК пайдалану үшін компьютерлер қойылды.

Қазіргі кезеңде ақпараттық-библиографиялық бөлімнің басты міндеті:

  • Оқырмандардың ақпараттық сұраныстарын сапалы түрде жедел қанағаттандыру;
  • Ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету, оның ішінде құқықтық ақпаратқа да;
  • Ақпараттық қызмет көрсететін кәсіби мамандардың білімін үзіліссіз жетілдіру.

Бөлім 300-ден астам мерзімді басылымдарға талдау жасап мақалалардың электронды каталогын жасады, электрондық ортада библиографиялық қызмет көрсетіп, пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырады, баспа жұмыстарын жүргізеді.

2006 жылдан бөлімнің жанында Құқықтық ақпарат Орталығы жұмыс істейді, ал, 2008 жылдан "Библиографтан сұра" виртуальды қызметі көрсетіледі. Бөлім кітапханаларда АБА құруда үйлестіру және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету Орталығы болып есептеледі.

2000 жылдың наурыз айынан бөлім меңгерушісі болып Айгүл Оразғалиқызы Қасыбаева істейді. Ақпараттық-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі ретінде А.О.Қасыбаева кітапханадағы библиографиялық деректер базасына жауапты. Бұл бағытта ол біраз ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыстар жүргізді: ГОСТ қолдануды енгізу, "түйін сөз" (ключевое слово) құру Ережесін жасау, практикалық сабақтар өткізу т.б.

Айгүл Оразғалиқызы екі рет Өскемен қаласында өткен Жазғы Интернет Мектебінің семинар-тренингіне және Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана өткізген "Интернетті пайдалану және виртуаль қорларын дамытудағы кітапхана қызметі" семинарына қатысты. "мақалалар" ДБ құру мәселесінде және құжаттарды электронды жеткізуде А.О.Қасыбаеваның тәжірибесі кітапхана қызметкерлеріне үлгі.